ой осы Фукуяманың әндері енді супер. Баяғыда группа болып, жапонша ең алғаш жаттаған әніміз де осы Фукуяманың Сакурадзака әні еді. Алдында да бір постымда ілген едім осы Фукуяманың түскен жарнамасын , бәкграундында өзінің әні, ол әні де супер.. Әндерінің мелодиясы ұнайды маған.
Айтпақшы осы Хотару әнінің ішінде Нагасаки туралы жазылған жерлері бар.
僕が育った街にいつか一緒に帰ろうよ Бір күні туып өскен қалаға бірге қайтайықшы
古い教会 坂道の通学路 会って欲しい人がいる Ескі шіркеу, дөңге өрмелеген мектеп жолы, таныстырғым келетін адам бар.
Балдырғанның айтуымен мен де өзімше бір жылдың қорытындысын жасағым кеп отыр. Мендегі өткен жыл бүкіл эмоцияларым, жоспарларым Жапониямен байланысты болды ғой. Тіпті жылдың басында, егер Жапонияға бармайтын болсам қалай болад, басқадай жоспар құрмадым деп депрессия болған едім..
2. аспаздық
3. Ақзеренің блогы Жылдың ең үздік танысуы: Фэйсбуктан танысқанбыз, кейін Токиода кездестік бір жапондық әйел, сондай керемет адам өзі де күйеуі де, үлкен қыздары менімен қатарлас екен, ҚЗда орыс және қазақ тілін оқығысы кеп жүр, қазір сол универ немесе курстар іздеуде, рекомендацияларын болса айтыңдаршы, қандай болса да.. Жылдың үздік тағамы:– Монжио яки деген бір тағам, бірақ мәселе сол тағамның дәмінде емес, дастархандас болған адамдардың компаниясынан дәмді болды менше Read the rest of this entry »