Archive for the ‘Фукуока’ Tag

Қош келдім Жапонияға:)   17 comments

Бір ай уақыт өтсе де ештен кеш деп жазып жатырмын енді, ренжімессіздер.

Фукуокаға қонғасын, кеденнен тез-ақ өттім. Алдында толтырған декларациям маған түкке қажеті жоқ екен сүйтсем, неее ойлап ол декларацияны толтырып жүргенім 😆 Себебі қазір Жапонияда тіркеуде бар адам болғандықтан, шығар кезде тілдей қағазды жабыстырып берген паспортыма, соны қайта алып қалды, бітті сонымен.

Сумкамды да тексермеді. Паспортыма, визама қарап, студентсіз бе деді кеденші. Мен- Иә дедім, жүктеріме тіпті қараған да жоқ. Қарамағанына қатты қуандым да. Себебі сумкамда Нагасакиде мені күтіп жатқан Жаннаға апара жатқан қазы-қарта бар еді. Әй бір үш кило точно болды 🙂 Ет өнімдерін, сүт өнімдерін Жапонияға әкелуге болмайды. Ал мен де ет те бар, сосын қалғаны құрт көп еді сумкамда 😀 Өзіме бола ет тасымас едім, Жаннаға бола болмаса, оның мамасы беріп жіберді. Read the rest of this entry »

Кагошима қаласы   4 comments

Сол баяғы суреттер сериясынан..

Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады.

Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала.

Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай қойдым хаха. Хотя осы жолы Кюшюге емес, Иокохамаға жаққа барғым келген еді, бұйырғаны осы Нагасаки болды:).

Қазір уже Нагасакиге үйреніп те кеттім, бірақ ең үлкен махаббатым бәрібір Фукуока:)))). Қайткенмен де мегаполис қала, іздегеніңді табу оңай дегендей. Әлемнің тұруға лайықты қалаларының үздік 20-на да кіретін қала ғой. Алғаш Жапонияға келгенде тұрған қала болғасын да Фукуока маған ерекше шығар кім білсін..

Ал Кагошимада теңізге жақын тұрғанбыз, біраз жаяу жүргенде теңіз жағасына жетіп, Сакураджиманы көруге болатын. Бұл тірі жанартау. Үстінен әрқашан түтін шығып тұрады аз-аздап, сосын арасында атқылап халықты шошытатыны бар:). Read the rest of this entry »

Окинава Окинава..   10 comments

Окинаваға ұшам дүйсенбі күні Иншаллах!

Токио жақтан тағы құрбыларым қосылад, сонмен сол 3 қазақ қыз Окинавада бірігетін болдық:). Кеше сол түні бойы ұйқтамай әйтеуір вроде нормальный, әрі арзан қонақ үй таптым ау..

Билетті сол баяғыда ап қойғам, баруым Фукуокадан себебі арзанға тапқам 100$ шамамен, ал қайтуым тікелей Нагасакиге..

ертең сол Фукуокаға барсам Инш Мақпалдың үйіне тоқтайм, ол өзі жоқ Киото Осакалап кеткен пысық қыз:). Мен сол үйінің запасной кілтін ап қалғам өткенде:). Read the rest of this entry »

Фукуокадағы күз   9 comments

Қазір Жапонияның оңтүістік жағында әлі де күз мезгілі. Фукуокадан түсіріп ап келген суреттеріммен бөлісейін..

мынау мен бұрын оқыған Кюшю университетінің ауласынан

мынау Фукуокадағы үлкен парк Оохори паркі Read the rest of this entry »

I LOVE FUKUOKA   7 comments

Сәлем қалайсыңдар?

Қазір Фукуокамын, сүйікті қалама қыдырып келгем..

Read the rest of this entry »