Archive for the ‘теңіз байлығы’ Tag

Інжу-Pearl   17 comments

Осы жаздағы інжумен қатысты бір experience-ыммен бөлісейін:). Жапония інжулерімен атақты бірден-бір ел ғой. Мысалға Акойя інжулері..

Осы жазда қыздармен жақын жердегі Сасебо қаласына барғанбыз, сол жердегі окенариумде келген қонақтарға арнап інжу бұрышын жасаған екен. Қалаған адам 500 йен (6$) төлеп інжу ракушкасын ашып, ішінен інжуді алуына болады.

Eң бірінші устрицаны таңдап аласыз.

Інжу осындай устрица ішінде өседі екен. Басқа асыл тастар өңдеуді қажет етсе,  інжуді сол табиғат жасаған күйінде пайдаланамыз. Інжудің пайда болуы да қызық қой, былайша айтқанда устрицаның ішінде пайда болған паразит деп айтса болады. Устрицаның ішіне қоқым түсіп кеткенде, (теңіз түбіндегі құм болуы мүмкін) оны устрица  өз бетімен сыртқа шығара алмайды, тек онымен қарсы күресу үшін кристалдық заттар бөліп шығарады да, әлгі қоқымның сыртын мл-мл (түсінбегендерге арнайы милиметрді қысқарттым:)) деп орай бастайды. Солайша перламутр тас пайда болады. Негізі  розовый інжулер ең керемет боп саналады.  Сосын Таитидің қара інжулері де бар ғой атақты. Бірақ әрине әркім өзіне келер түсті таңдайды. Read the rest of this entry »