Archive for the ‘темекі зияны’ Tag

Темекі тартпайсыз?   12 comments

Бүгін Такеши Китаноның денсаулыққа қатысты бір бағдарламасын қарадым. Сондағы әңгіме темекі, соның ішінде жанама түрде темекі тарту туралы болды. Темекі тартушы адамы бар барлық отбасында болатын жағдай.

Күйеуі темекі тартатын адам, кейде кухнядағы ауатартқыштың қасында шегіп, кейде балконда шегіп, чтоб балаларға, әйеліне зияны келмесін дегені.

Ал әйелі елуден асқан кезде рентгеннен бір көлеңке шығып, кейінгі тексерістен кейін рак боп шыққан. Темекі шегетін адамдардан айырмашылығы, рак өкпенің түкпірінде пайда болған. Себебі темекі шегетін адамда рак көбіне өкпенің кіре берісінде пайда болса, ал пассивті темекі шегетін адамда рак көбіне өкпенің түкпірінде пайда болады екен. Read the rest of this entry »