Archive for the ‘Тацуки Мачида’ Tag

Гала шоу супер болды:)   19 comments

Кештен бері осы видеоны ілем деп әлек болдым ғой, құрсын істемегенім жоқ, ақыры бір проганың крәк версиясын таптым ба, керек болса бәрін істейд екенсің:))

Кеше Дениска Тұран тобының Ер Тұран күйіне? әніне? очым аранжировка жасалған әуенге сырғанап бәрімізді риза ғып тастады. Жапондар былай жақсы Цүндірді мағынасын, сосын былтыр ҚЗда алғаш айс шоу болғанын айтты. Бүгін ақыры бірнеше арнаның видеоларын қарап шықтым, қиюға келетіні Спорт1 арнасыныкі екен, бірақ коментатор соооондай топас, ну орыстардың барлық ТМД елдерінің жақсылықтарын өздеріне таңатын әдетімен сөйлеп, одан қалса Маоны апарып тастаған коменттері үшін нервым ауырды. Ақыры қиналсам да басқа арналардыкін бірдеме ғып қидым әйтеуір.

Денистың бағдарламасы жарап кетті, одан басқа Дайскенікінің бағдарламасы енді супер, музыкасы да сүйікті Астор Пиаззолла. Хореографиясын Стэфан жасады мекен, ол прям нуэвотангоны жақсы көреді. Бұрын Дениска жасаған еді, дәл осы әуен бед, әлде күзі версиясы мед ұмытып тұр қаз. Маонның сырғанауы сондай каваии, бәрімен қоштасқандай болды осы кеште. Юнаныкі сөз жоқ әрине, бір сөзбен өтеее нәзік. Сосын Хавиердің бағдарламасы ұнады:)))) Испандық жігіт жаман күлдірді, енді сәл болғанда Хавиердің фаны бокете жаздадым:))) Тек күлкілі емес,  жасаған элементтері күрделі, арасында секіріп, плюс стэптары да күЧт шықты.  Тацуки Мачиданың мұз үстінде гитара тартқан арманшыл бала бағдарламасы да күЧт болды:) Сосын қытайлық жұп Паң-Тоң Les Miserebles бағдарламасы керемет әдемі шықты, бұл жұп спорттан кетед. Осы олимпиададан кейін көптеген фигуристтер кететіні жаман, әсіресе Дайске:((((((  Николай Морозовтың шәкірттері Катсалапов-Ильиныхтың «Аққу көлі » ұнавед, бірақ галадағы жасағандары аса ұнамады. Сүйтсе өзі галаға кіретіні белгілі болғасын ғана дайындаған дүниелері екен, бәсе әдемі болғанымен шикілеу көрінді. Юля сол сүйкімді күйінде бірақ  галасы аса әсер етпеді маған.

Кеше ғана Денистың инстасынан Юнамен түскен сюретін көрген ем, сүйтсе галаға дайындықта түскені екен ғой:)
Айтпақшы барлығының атынан сөз сөйлеп, рахмет айтқан Патрикті сәл болса да кеЧірдім:)))
Ал Сотникова ваааще нефтему. Өзі не сырғанап жүргенін білмейт. Бопты, өзі жас бала білімі жетпейд , тренерлері қайда қарап жүр?? Астор Пиаззолланың Oblivion әуеніне сырғанады. Oblivion-аударсақ ұмытылу, қалу деген мағынада, ал ол болса ала-құла көбелек боп шықты:))) Онысы жарты жарты жолда шашылып қалды, одан әйтеуір келістіріп өтірік бірдеме сырғанады, андай позорный көбелек точно oblivion боп ұмтылып қалмайды:)))))) Дәм болсын..

Advertisements