Archive for the ‘тамақ жейтін таяқшалар’ Tag

Hotaru-жарық қоңыз-fire fly   6 comments

Бүгін хотару яғни жарық қоңыздарды тамашалауға бардық.

Жарық қоңыздар жапондар үшін жаздың белгісі. Бұрыннан жапондар хотару тамашалауға баратын, көбелек аулайтындай тор апарып, аулап немесе жәй әйтеуір қызық үшін жинап қайта босатып, көңіл көтерудің бір түрі. Бірақ индустрализация, сосын жолдар салынуы, өзендердің ағысының бұрылауы жарық қоңыздардың өмір сүретін ортасын өзгертіп жіберді, содан көп жерлерде жоғалып кетті. 3-4 түрі бар екен, біз бүгін өзен бойын жағалайтын хотарулар көруге бардық. Бір дамыған фотик болмаса суретке түсіру мүмкін емес. Бірақ сондай керемет, қызық сезім екен. Бір өшіп, бір жанып жүрген жәндіктер айналаңда ұшып жүргені қызық екен. Балалық кезге қайтқандай ма, ертегі әлеміндей, вообщем сөзбен жеткізу қиын :).

Бір жапон досымыз Шинджи деген жігіт шақырған еді, ал барғандар: мен сосын Ливиялық Хишам және Йордандық Ахмет 4-міз бардық.

Негізі Хотару көргенге жаңбырдың алды немесе артынан, желсіз, тымық, әрі жылы күн екен, более энергичней ұша ма екен кім білсін..

Ну бүгін жылы деп айту қиын әлі күн салқын, Хишам пысықсып қысқа жеңмен ғана шығып кеткен, біраз тоңды енді:).

Жапондар енді жарық қоңыздардарды шынымен сүйеді ғой, басқадай сөз жоқ енді, аж әкімияттарда арнайы адам бар екен, осы хотарудың ақпаратын беретіндей:). Read the rest of this entry »