Archive for the ‘Тайфун’ Tag

Тайфун   4 comments

imageЖапонияға келгелі осындай тайфун алғаш рет сияқты. әлде бұрын Токиода емес кішірек қалаларда болғасын аса байқалмады
мекен?? Тайфундар негізі келе береді, аса мән берген емеспін
бұрындары, бірақ осы жолғыдай алдын ала метеорология агенттігі
конференция жасағаны алғаш рет сияқты. үйден шықпаңыздар, 45-65
км/с жылдамдықпен жылжиды. байқаңыздар деп, орта мектеп, жоғары
мектеп, тіпті универлерде сабақ тоқтады. Түні бойы жаңбыр жауып,
тоғыз жылдан бергі қатты жаңбыр болды, 250 мм жаңбыр жауған екен
бір түн ішінде, салыстырмалы түрде айтсақ Астана сияқты жерлердің
бір жылдық жаңбыр көлеміне сәйкес келеді. Тайфунның қорқынышы
ағаштар сынып, ұшып жүруі мүмкін. Одан басқа арасында құйын сияқты
жел соғып, машинаны аударып кетуі мүмкін. қазір Токио ішінде метро,
темір жолдар жартылай тоқтап тұр, жүріп тұрғандар ақырын ғана жүріп
жатыр. Жақын жердегі кейбір префектураларда тіпті жарықсыз қалған
екі мыңнан артық үйлер бар екен. Шинкансендер тоқтап тұр,
одан қалса ұшақтар да кешігіп жатыр, 400 ден артық ұшақтарды ұшырмай жатыр.

Advertisements

Posted Қазан 15, 2013 by 6gradus in Жаңалықтар

Tagged with , ,