Archive for the ‘табиғат’ Tag

Пыросто сені жақсы көремін/Tada kimi wo aishiteru   7 comments

Жақсы көретін адамымның жақсы көретін адамын жақсы көруге тырысамын….

Осы фильм менің компымда баяғыдан жатқан еді, қарауға аса құнт болмай жүрген, сосын атына қарасаң тегі бір романтика. Нариман Накацу деген бір коухай бала «сенпай осы фильмды қараңыз, жақсы фильм» деп баяғыда рекомендовать еткен еді негізі, содан көшіруін көшіріп қойып қарауды артқа қалдырып жүргем, коухайдың рекомендациясы бар, басты рольдегі Тамаки Хироши ұнайтын актер, сосын ақыры Доктор Хаустың бәрін бітірдім ғой деп қарадым:))))). Романтикалық фильмдерді ұнатпайтын мен қалай болар екен деп күмәнмен қарап едім, еді тамаша керемет деп айтпасам да жақсы әсер алдым Read the rest of this entry »

Жапонияда не істеп жүрсің?   10 comments

Осы сұрақты маған жиі қояды..

жауабын білетіндер де бар, айтсаң да келесі жолы айналып кеп қайта сұрайтындар да бар:)))

ондай жағдайда осы жазбаға бірден линк берем келесіде!!!

Жапонияға оқуға келдім. Қазір аты әлемге әйгілі Нагасаки қаласындамын. Осы қаладағы, мемлекет қарамағындағы Нагасаки университетінде оқып бастадым. Read the rest of this entry »