Archive for the ‘суши’ Tag

Hotaru-жарық қоңыз-fire fly   6 comments

Бүгін хотару яғни жарық қоңыздарды тамашалауға бардық.

Жарық қоңыздар жапондар үшін жаздың белгісі. Бұрыннан жапондар хотару тамашалауға баратын, көбелек аулайтындай тор апарып, аулап немесе жәй әйтеуір қызық үшін жинап қайта босатып, көңіл көтерудің бір түрі. Бірақ индустрализация, сосын жолдар салынуы, өзендердің ағысының бұрылауы жарық қоңыздардың өмір сүретін ортасын өзгертіп жіберді, содан көп жерлерде жоғалып кетті. 3-4 түрі бар екен, біз бүгін өзен бойын жағалайтын хотарулар көруге бардық. Бір дамыған фотик болмаса суретке түсіру мүмкін емес. Бірақ сондай керемет, қызық сезім екен. Бір өшіп, бір жанып жүрген жәндіктер айналаңда ұшып жүргені қызық екен. Балалық кезге қайтқандай ма, ертегі әлеміндей, вообщем сөзбен жеткізу қиын :).

Бір жапон досымыз Шинджи деген жігіт шақырған еді, ал барғандар: мен сосын Ливиялық Хишам және Йордандық Ахмет 4-міз бардық.

Негізі Хотару көргенге жаңбырдың алды немесе артынан, желсіз, тымық, әрі жылы күн екен, более энергичней ұша ма екен кім білсін..

Ну бүгін жылы деп айту қиын әлі күн салқын, Хишам пысықсып қысқа жеңмен ғана шығып кеткен, біраз тоңды енді:).

Жапондар енді жарық қоңыздардарды шынымен сүйеді ғой, басқадай сөз жоқ енді, аж әкімияттарда арнайы адам бар екен, осы хотарудың ақпаратын беретіндей:). Read the rest of this entry »

суши кафе   16 comments

мынау мен арасында баратын суши кафе. Өте арзан жер, барлық суши 110 иен тұрады. Где то 200 тенгедей. Кайтензуши дейді, яғни айналма суши. Жасалған сушиды айналмаға сала беред, адамдар өз қалағандарын ала береді. Егер қалаған суши болмаса тапсырыс берсеңіз болады. Көз алдыңда жасап береді.

кружкалар шайға арналған, ана алдындағы пакетикте көк шайлар, онымен сол ана кранниктен ыстық су алып ішуге болады. Read the rest of this entry »

Сашими-шикі балық   10 comments

Осы жапондар тағамға көбіне дәмдеуіштер қоспайды, табиғи дәмін татуға тырысады. Мысалға оңтүстік Азия, Қытайда неше түрлі дәмдеуіштерді қосып ақырында не жеп не қойғаныңды  білмей қалуың әбден мүмкін, ол жағынан алғанда жапондық тағамдар бөлек. Соның бірі Сашими- шикі балық, тек соя соусымен ғана дәм кіргізеді.

Тағамдарды екі түрге бөлуге болады, ке-яғни күнделікті, сосын харе-яғни мейрам не ерекше күндері желінетін тағам түрлері. Харе тағамдарына суши мен сашимиді жатқызады. Ну түр түрі көп, мен аса айырмаймын шыны керек, аттарын да жаттай алмай қойдым, былай түріне қарап мен ұнататын балық деп білемін:))).

Мынаның ішіндегі салмоннан бастап бәрін жақсы көремін десе болады , әсіресе ана оң жақ жоғарыдағы нәрсе, түсі ақ, ракушка ішінен шыққан нәрсе хотатэ, қатты жақсы көремін. Денсауллыққа да жақсы, әртүрлі минералдары көп нәрсе.. Ал креветкалардан мына түрі аса ұнатайм.. Сосын ана оң жағындағы жасыл нәрсе-wasabi, жапондық хрен, вааще ұнатпайм десе болады. Сушиға тапсырыс бергенде васабисіз деп беремін ылғида..

Мынау ана алдындағы мұғалімімізбен барған рестораннан, сондағы кей тағамдардың суреті.. Read the rest of this entry »