Archive for the ‘Стэфан Ламбиель’ Tag

Әттең Стэфан..   6 comments

Мұзда мәнерлеп сырғанаудың фанаты екенімді білесіңдер ғой:). Оның ішінде ұнайтыны осы Стэфан Ламбьель еді.

Қазір енді үлкен спорттан кетті, арасында айс шоуларға қатысады. Әлемде фанаты көп фигуристтерден Плющенко мен осы Ламбьель шығар.

Туриндегі олимпиадада Плющенко алтын алса, Стэфан күміс алды, ал Ванкуверде жолы болмады.

Енді бар ғой супер фигурист , сөзбен жткізу мүмкін еместей:).  Сырғанауында ерекше бір мән бардай, еріксіз көзіңді алмай қарайсың. Техникасы да жаман емес бірақ бұл фигуристтің ең кереметі жанын беріп сырғанағанда, өз әлемі бардай көрінеді сырғанауын тамашалаған кезде. Маған осы бір гусар ма сондай киім киіп сырғанайтын бағдарламасы ұнайтын.Стэфан Ламбьель де жарақат алып 2008 ж спорттан кетіп қайта келген еді, талмай еңбек ететін адам, сыйламасқа болмайды, и вааще пыросто красавчик жігіт:). Read the rest of this entry »

Advertisements