Archive for the ‘стресс’ Tag

100-адам   3 comments

кеше Жапонияда вирусынан қайтыс болған адам саны 100-ден асып, 101-ге жетті, ал жалпы жұқтырған адамдардың саны 7 айдан бері 10 мил 750 мыңға жетті ( 11 айдың аяғындағы сан).

Бүгін біздің экологиялық заңнан сабақ беретін кісі де 1 апта үйде жаттым, H1H1 А түрі екен менде де деп, сол тамифлю тағы басқа уколдар алдым деп қояды. Ендігісі жанымдағы адамдарда да…  Негізі жас балалар көп жұқтырғанымен, көбіне басқа аурулары бар үлкен кісілерге ауыр тиеді екен.

вообщым осы апта документтерімді тапсырып бітсем сонымен уууфф дейм, негізі әртүрлі стресстер адамның вирусқа қарсы тұратын қасиетін азайтатын сияқты. Өткен аптадан бері осы документтерді уайымдап, онымен қоса басқа стресстер боп, онымен қоса жүгіріс көп боп, аптаның аяғы ауырып не то боп, мұрным ааал кеп, содан 4 күн үйде жаттым тұмауратып, сабағы бар болсын деп, температурам болмады қайта, әйтпесе ну уж точно доңыз тұмауының белгісі болар еді.

солааай

Posted Желтоқсан 10, 2009 by 6gradus in Жаңалықтар

Tagged with , , , ,

жарықтан ластану (light pollution)   3 comments

алғаш тақырыпты оқығанда қандай ойлар келді сіздерге?

Өзім алғашқыда бұл қандай ластану сонда деп таң қалдым атын оқығанда, мысалға табиғатқа тигізетін әртүрлі әсерлерден туындаған ластанудың түр-түрін біліп келдік. Адамның экономикалық әрекеті көбейген сайын, адам барынша табиғат ресурстарын пайдаланып келді. Ал табиғаттың жаңару процесінің ұзақтыған ескермеді, осылайша қазір біздің демалып жүрген ауамыз, ішіп жүрген суымыздың сапасы күмәнді болатындай жағдайға жеттік. Тіпті ол су химиялық құрамы H2O таза болған өзінде де қаншалықты денсаулыққа пайдалы екендігі күмән тудырады. Зиянды әрекет, қалдықтардан туындаған ластанудың түрлерін былай да естіп, кітаптан оқып, тіпті көзбен де көріп жүрген біздің адамға, жарықпен ластау, не болмаса жарықтың зиянды әсері дегенді сіздерге қалай маған түсініксіз болды. Содан португалдық зерттеушілер Тереза Алвес пен Диана Алмейданың біріккен орташа көлемдегі мына бір еңбегін оқығасын түсінген болдым. Read the rest of this entry »