Archive for the ‘сакура’ Tag

Анармен саяхат   14 comments

Үйге келгесін, заттарымды біраз реттестірдім де, бірден универ жаққа барып, ол жақтағы шаруаларымды бітірдім, дүкенге бардым. Сонымен күн де өтті. Ертесінде тұра алмайм, қозғала алмайм, кәдімгідей жол соғып тастапты.. Түстен кейін Анар соқты соткама, «мен жеттім, қазір Фукуока аэропортындамын, сағат мыншадағы автобусқа отырамын»- деді. Мен болсам әлі шашыыылып жатырмын. Содан,қой, бұл болмас деп үй ішін жинастыра бастадым. Бір кезде осындағы тағы бір Жанна 🙂 телефон соқты, содааан екі ай бойғы жиналған әңгіме, өсек 🙂 Онымен сөйлесіп жүрмін, артық-ауыс нәрселерді жинастырып жүрмін, сүйтіп жүріп 2 сағат өтіп кеткенін байқамай қалыппын 🙂 Ойбаай Анар келетін автобус уақыты деп үйден шықтым жүгіріп, содан аялдамасына жетсем, тәтем деген бір жапон әйелді ұстап алып, бірдеме сұрап, есін шығарып жатыр екен 🙂 Бірақ ол кісінің автобусы келе қалды, артынша мен де жеттім 🙂 Read the rest of this entry »

Қош келдім Жапонияға:)   17 comments

Бір ай уақыт өтсе де ештен кеш деп жазып жатырмын енді, ренжімессіздер.

Фукуокаға қонғасын, кеденнен тез-ақ өттім. Алдында толтырған декларациям маған түкке қажеті жоқ екен сүйтсем, неее ойлап ол декларацияны толтырып жүргенім 😆 Себебі қазір Жапонияда тіркеуде бар адам болғандықтан, шығар кезде тілдей қағазды жабыстырып берген паспортыма, соны қайта алып қалды, бітті сонымен.

Сумкамды да тексермеді. Паспортыма, визама қарап, студентсіз бе деді кеденші. Мен- Иә дедім, жүктеріме тіпті қараған да жоқ. Қарамағанына қатты қуандым да. Себебі сумкамда Нагасакиде мені күтіп жатқан Жаннаға апара жатқан қазы-қарта бар еді. Әй бір үш кило точно болды 🙂 Ет өнімдерін, сүт өнімдерін Жапонияға әкелуге болмайды. Ал мен де ет те бар, сосын қалғаны құрт көп еді сумкамда 😀 Өзіме бола ет тасымас едім, Жаннаға бола болмаса, оның мамасы беріп жіберді. Read the rest of this entry »

Ямагучи Момое-Космея 1977 жылғы ән   9 comments

Әннен бұрын осы Ямагучи Момоэ (1959ж) туралы айтып кеткен жөн болар. Бұл кісіні жапон эстрадасының тірі аңызы деп айтса артық болмас.

13 жасында қазіргі кездегі типа фабрика сияқты бір конкурстан тек екінші орында қалса да жақсы ұсыныстар түсіп, соларды қабылдап әншілік карьерасын бастайды. Неше түрлі скандальный деп айтса болатындай сөздері бар әндерімен көрерменге танылатын болды, кейін тек ән сахнасынан ғана емес кинодан да көрінді. Фильмдері де қатты әйгілі болды, әсіресе «Izu no Odoriko» (Идзу бишісі),  Кавабата Ясунаридің нобель сыйлығына ие болған әңгімесінің мотиві бойынша түсірілген фильмін айтуға болады, осы фильмде болашақ жұбайы Томокадзу Миурамен танысады. Ямагучи Момоэнің жалпы түскен 17 фильмының, екеуінің бірге түскен фильмдерінің саны 14 екен. Кейіндері әндерін өз таңдауына алып, бірталай хит әндерді сахнаға шығарды. Солардың бірі осы Космея қазіргі кезде дейін бірталай әншілердің cover жасайтын әндерінің ішінде, Ямагучи Момоенің әндерінен мен өзім жақсы көретін екі әнінің бірі осы Космея. Ямагучи Момоэнің бір қызығы атағы керемет жаңғырып тұрған шағында сахнадан кетті, 1980 жылы соңғы концертін беріп фанаттарымен, сахнамен қош айтысты. Әрине кино, сахна жұлдызының күйеуге шығамын деп бүкіл атағын тастап тыныш өмірге бел буғаны сенсация болды. Қазірде екі ұлдың анасы. ( Ата-анасының жолын қуған бір ұлы  да теледидардан көріне бастады)7

Небәрі 21 жасында сахнадан кеткен Ямагучи Момое сахнада бар жоғы 7 ақ жыл ән айтқан екен, бірақ сонда да әлі де талай адамдардың кумирі болып келеді, тіпті сахнаға оралуын қалайтын артисттердің ішінде біріші орынды алған екен биыл..

Read the rest of this entry »