Archive for the ‘рухани жаңалық’ Tag

Жылдық есеп   15 comments

Жаңа жылдарыңызбен халайық!

Жаңа жыл жақсылықтар әкелсін..

Балдырғанның айтуымен мен де өзімше бір жылдың қорытындысын жасағым кеп отыр.  Мендегі өткен жыл бүкіл эмоцияларым, жоспарларым Жапониямен байланысты болды ғой. Тіпті жылдың басында, егер Жапонияға бармайтын болсам қалай болад, басқадай жоспар құрмадым деп депрессия болған едім..

Жылдың цитатасы: Бізден әрекет, Алладан қайыры-все что не делается к лучшему
Жылдың үздік сайты:http://www.youtube.com және http://www.facebook.com
Жылдың үздік блогы:
1.
балдырған

2. аспаздық
3. Ақзеренің блогы

Жылдың ең үздік танысуы: Фэйсбуктан танысқанбыз, кейін Токиода кездестік бір жапондық әйел, сондай керемет адам өзі де күйеуі де, үлкен қыздары менімен қатарлас екен, ҚЗда орыс және қазақ тілін оқығысы кеп жүр, қазір сол универ немесе курстар іздеуде, рекомендацияларын болса айтыңдаршы, қандай болса да..
Жылдың үздік тағамы:Монжио яки деген бір тағам, бірақ мәселе сол тағамның дәмінде емес, дастархандас болған адамдардың компаниясынан дәмді болды менше Read the rest of this entry »