Archive for the ‘рейтинг’ Tag

Жапон премьер-министрінде қанша ақша бар?   7 comments

Екі аптадай боп қалды осы тақырып жаңалықтарда топ-ньюс болғалы бері..

мәселенің бәрі премьер министрдің сайлау кампаниясы кезінде қолданылған фондтағы қаржының ішіндегі 120 мил йеннан артық ақшадан басталды. Жеке қолдаушылардан жиналған ақша деп жазылған нәрсе, бірақ тізімде бар кей адамдар ондай ақша берген емеспін деп, тіпті тізімдегі кей адамдар қайтыс болған адамдар болып шықты.

Жалпы қазіргі премьер атақты саясаткердер отбасынан шыққан.

Үлкен атасы Казуо Хатояма парламент спикері, онымен қоса атақты Васеда университетінің ректоры болған кісі. Атасы Ичиро Хатояма премьер министрі болған, әкесі Иичиро Хатояма сыртқы істер министрі болған кісі. Інісі екеуі отбасылық дәстүрді жалғастырушылар.

Ал жаңағы 120 мил йен ақша қайдан келді дегенде, ол қаржы премьердің анасынан келген боп шықты.

Премьер тек саясаткерлер емес, онымен қоса ауқатты отбасынан шыққан кісі. Ол байлық шешесінің отбасынан.

Анасы анау мынау емес атақты Бриджстоун компаниясының негізін құрушыларының үлкен қызы екен. Премьердің жеке өзінің қаржысы, жылжымайтын мүлік, құнды қағаздарын қосқанда 90 мил долларға баратын шығар деп өткен аптадағы жаңалықтағылар, анасының капиталы 800 мил долларға баратын шығар деп:)) нуу бірақ Бриджстоунның акцияларының қанша пайызын иемденетіні енді белгісіз… Осы жаңалықта талдамайтындары жоқ:))).

Тіпті осы биыл билікке келген демократиялық партиясының құрылуына идея тастаған анасы екен. «Егер басқалардың жолы, тәсілі ұнамаса өздерің партия құрмайсыңдар ма»- деп інісі Кунио Хатояма екеуіне айтқан екен. Read the rest of this entry »