Archive for the ‘пошта қызметі’ Tag

Қош келдім Жапонияға:)   17 comments

Бір ай уақыт өтсе де ештен кеш деп жазып жатырмын енді, ренжімессіздер.

Фукуокаға қонғасын, кеденнен тез-ақ өттім. Алдында толтырған декларациям маған түкке қажеті жоқ екен сүйтсем, неее ойлап ол декларацияны толтырып жүргенім 😆 Себебі қазір Жапонияда тіркеуде бар адам болғандықтан, шығар кезде тілдей қағазды жабыстырып берген паспортыма, соны қайта алып қалды, бітті сонымен.

Сумкамды да тексермеді. Паспортыма, визама қарап, студентсіз бе деді кеденші. Мен- Иә дедім, жүктеріме тіпті қараған да жоқ. Қарамағанына қатты қуандым да. Себебі сумкамда Нагасакиде мені күтіп жатқан Жаннаға апара жатқан қазы-қарта бар еді. Әй бір үш кило точно болды 🙂 Ет өнімдерін, сүт өнімдерін Жапонияға әкелуге болмайды. Ал мен де ет те бар, сосын қалғаны құрт көп еді сумкамда 😀 Өзіме бола ет тасымас едім, Жаннаға бола болмаса, оның мамасы беріп жіберді. Read the rest of this entry »

яхууу Қазақстаннан жүгім келді   2 comments

Үйдегілер маған біраз заттар жіберген еді поштамен, авиа емес, наземный, яғни теңізбен келді. Ооой қайда Желтоқсан айының басында жіберген нәрсе екі жарым ай дегенде әзер келді ғой. Мен кетерде жүгім көп боп біраз қыстық киімдерімді қалдырып кеткен болатынмын, артынан поштамен салып жібересіңдер деп, басында өзім де айтпадым, артынан үйдегілер құнттамай, ол жүк қыстың басында бірақ жіберілді. Мені тоңып өлсін демесеңдер дегем, ақыры құнттамай қойғасын, не сендерде қыс бола ма не деп қатырды:). 2-3 аптада келеді деген затым екі айдан артыққа жоғалды ғой құрсын. Мен өткен айда осы Жапония бойынша сұрау салғам, жіберген жүктің номерын алып үйдегілерден, Жапонияға келмеді ме деп, содан мындағылар орталықтарына хабарласып Read the rest of this entry »