Archive for the ‘парк суреті’ Tag

Кагошима қаласы   4 comments

Сол баяғы суреттер сериясынан..

Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады.

Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала.

Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай қойдым хаха. Хотя осы жолы Кюшюге емес, Иокохамаға жаққа барғым келген еді, бұйырғаны осы Нагасаки болды:).

Қазір уже Нагасакиге үйреніп те кеттім, бірақ ең үлкен махаббатым бәрібір Фукуока:)))). Қайткенмен де мегаполис қала, іздегеніңді табу оңай дегендей. Әлемнің тұруға лайықты қалаларының үздік 20-на да кіретін қала ғой. Алғаш Жапонияға келгенде тұрған қала болғасын да Фукуока маған ерекше шығар кім білсін..

Ал Кагошимада теңізге жақын тұрғанбыз, біраз жаяу жүргенде теңіз жағасына жетіп, Сакураджиманы көруге болатын. Бұл тірі жанартау. Үстінен әрқашан түтін шығып тұрады аз-аздап, сосын арасында атқылап халықты шошытатыны бар:). Read the rest of this entry »