Archive for the ‘олимпиада’ Tag

Жарайсың Елена   4 comments

Жарайсың Елена!!!
Қазақстанға күміс медаль әкелген Елена жарайсың!
ұйқтамай осы биатлонды күткенім мұндай жақсы болар ма!!
Елена басына қарай 7 номермен бастап ешбір қателіксіз, мүлт кетпей сырғанап шықты.  Алтынды алған Тора Бергер бір рет мүлт кетсе де алтын алды. Елена артынан жүріп отырды, бір шетінен номері бас жағында болғаны жақсы болған сияқты, себебі аяғындағы Украиналық Валя Семиренко ең аяғында нервысы шыдамай соңғы оғы далаға кетті. Read the rest of this entry »

Олимпиададан..   Leave a comment

Ванкувер олимпиадасының алғашқы медалын швейцариялық спортшы Симон Амман жеңіп алды.

Медальдардан трамплиннен секіруден жаңа чемпион болды. Вааще керемет жігіт, Солт Лейк Сити мен Туринде медальдар жеңген жігіт. Солт Лейк сити олимпиадасы кезінде бар болғаны 20 жаста, бірден екі алтын медаль алған еді, медальмен марапаттау салтанында қуанған түрі әлі есімде. Дөңгелек көзәйнек таққан түріне Гарри Поттерге ұқсатқан еді елдер, осы жолы тағы бір алтын алғанына қуандым. Сосын күміс алған поляк Адам Малыштың соңғы олимпиадасы шағар, Польшаның күміс медалы үшін де қуандым.

Ал жапондар үшін бүгін сәтсіз күн болды. Read the rest of this entry »