Archive for the ‘олимпиада медалі’ Tag

Қоршаған ортаға қамқор медальдар   Leave a comment

Кеше Ванкувердегі қыстық олимпиада да басталып кетті. Тіпті алты комплект медальды сайысқа салып та үлгерді. Бұл қыстық ойындар экологияға ең қамқор олимпиададан болмақ. Ванкувер әкімшілігі мен т ұрғындары CO2  көлемін азайтуға әртүрлі шараларды қолданып келді. экологияға зиянсыз гибридты қозғалтқышты машиналар қолдану тб.

Тағы бір ерекшелігі осы олимпиададағы сайысқа тартылатын медальдар қайта өңдеуден өткен металдардан жасалған. Бұрынғы компьютер мен TV дың платаларындағы асыл металдар қолданылды.

Медальдардың дизайны да ерекше, теңіз толқын түрінде және үстіндегі өрнектері Канаданың жергілікті тайпаларының дәстүрлі оюлары  салынды, онымен қоса әр медальдағы өрнектер қайталанбайды, яғнижеңіп алған әр спортшы тек өзінде ғана бар медаль деп қабылдаса болады. Read the rest of this entry »