Archive for the ‘нанның қадірі’ Tag

Жапондар да нан жейді :)))   17 comments

Арнайы Ақзере үшін жазамын осы постты:). Өткендегі наруто туралы пост жазғанда, дүкен сөрелерінде нан деген атымен жоқ екен деп еді. Соның орнын толтырайын деп..

Негізі жапон дүкендерінде нанның бірталай түрі сатылады. Ол жағынан алғанда Кореяға қарағанда тәуір екен, сосын жапондарда тоқаш өнімдері өте көп, «керемет дәмді» деп тамсанып алатын үнемі бір кәріс құрбым:))). Жо шынымен тоқаштары неше түрлісі бар, сосын тәттісі де, немесе карри дәмімен, немесе ішіне жүгерімен, тунамен, кунжуты бар тағысын тағы кете береді, маған ұнайтыны ішінде сырмен сосын тунамен тоқаштар, үнемі универде аламыз бір қытай құрбым екеуміз.

Ал былайынша дүкен сөрелері мынадай болады.

шамамен 80 yen=1 $ екенін ескерсек, мына тоқаштардың бағасы шамамен 200  теңге.

бұл енді өңкей тәтті өнімдер.

Read the rest of this entry »