Archive for the ‘Наго’ Tag

Ананас паркі   6 comments

Ананас қалай өседі деп ойлап көріп па едіңіздер?

Мен бұрын ананасты пальмада өсетін шығар деп ойлайтынмын:). Осы жылы Наурыз айында Окинаваның Наго қаласындағы ананас паркіне барғанбыз. Паррке кіру бағасы 550 йен, шамамен 6$-дай болар.

Жапонияның оңтүстігі Окинавада ананас өсіруге болатындай климат бар, бірақ та керемет өндіріс жоқ, тек кәдесый ретінде ғана өсіреді десем болады. Себебі Жапонияда ананас өсіру қымбат, рентабельділігі жоқ болғандықтан супермаркеттерде сатылатындар филипиндік ананастар көбіне.

мынау сол парктің ішінде ананастың алқабы Read the rest of this entry »