Archive for the ‘могул’ Tag

Олимпиададан   3 comments

Мұздан мәнерлеп сырғанауды бүгін қараймын деп ұмытып кетіппін.Содан жаңалықтардан қарадым Плющенко әрине супер мупер сырғанап шыққан екен. Өзіндік атмосферасы бар спортшы ғой.

Жапондар өліп жанкүйер боп жатқан Такахаши Дайсуке 3 орында, по идее алғашқы үшеудің арасындағы айырмашылық аз ғана, сондықтан жапондардан бірі қандай да болсын бір медаль алса супер болар еді, себебі ерлерден бұрын соңды ешкім медаль алып көрмеген екен. Мен өзім алғашқы күнде 4 орында тұрған Ода Нобунаридың жанкүйерімін, толық программадағы биі күЧт. Чарли Чаплин сияқты комикалық биі қатты ұнайды. Ертең осы Ода Нобунаридің жанкүйер боламын:)

сосын Қазақстандық балалар да бар екен, әлі жастары кішкене Денис Тен және Абзал Рақымғалиевке бұл олимпиада тәжірбие болатын болды.

қысқа бағдарламадан кейін ертесінде емес арасына бір күн салып болуы фигуристтердің нервысын сынайтындай болды.  Арасы тым ұзақ созылып кетуі адам не болса соны ойлап, ой жеп тастауы мүмкін менше.. Тым волноватся еткенненбілетін, жасай алатын нәрсесін жасай алмай қалуы мүмкін , не болса да жақсы перфоманс көрсетсе екен Ода Нобунари. Айтпақы бұл фигурист орта ғасырлық Жапонияның тарихында өшпес із қалдырған адам-Ода Нобунаганың ұрпағы екен. Бүгін ғана білдім өзім:))

Осы жапондарда маған ұнайтыны спортшылардың өмірін көрсетеді. Мысалға қандай мектепте оқыды, алғаш мұз айдынына шыққан кездегі видеосы дегендей. Мысалға осы Ода Нобунари мен Такахаши Дайсукенің мектеп кездерін көрсетті. Кіп кішкене бала кезіндегі сырғанаулары. Бір жарнамадағыдай «бір кезде менің арманым деп ойлағаным көп адамның арманына айналды» дегендей. Кішкене балалардың спортқа тартылу үшін, спортшылардың өмірінен эпизодтар көрсетілуі маңызды деп ойлаймын. Read the rest of this entry »