Archive for the ‘машина’ Tag

Токиодағы қызықтарым…   12 comments

Негізі бұл оқиғалар менің емес басқа бір қазақ баланың бастан кешкендері. Ол енді жұмыспен келген жігіт. Жапонша дым білмей келген ғой, тек осында кеп үйрене бастаған, әзір де жапоншасы онша емес, соған бола центр прикола болып тұрады ара тұра:). Өткенде біраз күлдірген еді мені:). Соны сіздергі бірінші жақтан айтып берейін.

Өткенде түскі ас уақыты, жұмыстастарым бір нәрсені қызу талқылап жатты, мен қастарына барып отырдым. Бәрін өзіне қаратып отырған жасы біразға кеп қалған бір жұмыстасым, не айтып жатқандарын тыңдап отырған мен жоқ, тамағымды ішіп, өз ойларыммен отырмын…Содан түскі астың аяғына қарай бір бастығым айтад, жаңағы жұмыстасымды көрсетіп, айтпақшы жаңа ガール gaaru (қыз, девушка) сатып алды ғой деп, мен түсінбей gaaru (қыз) ба?? деп сұрадым, ал ана жұмыстасым болса ия ия деп басын изеді.  Ол кісі өзі жасы біразға кеп қалған кісі, бала-шағасы да бар, ну білмим басымнан ол нәрсені ойлап үлгердім ба жоқ па, бірақ та, «жасы қаншада» деп сұрадым. Жұмыстасым сұрағымды ұқпағандай. Неее?? дегендей біраз бетіме қарап отырды да, ガール gaaru (қыз) емес カール kaar (машина) деп еді, елдің бәрі қыран топан болды:)))).

Қайдан білейін басыма келген информацияны талдап үлгермедім:). Сүйтіп «gaaru емес, қыздар сатылмайды» деп ол кісі біраз бұлқан-талқан болды, ал елдің бәрі маған біраз күлді. Осы жапондардың акценттері енді ужыс, ағылшынша каа мен гаару деп ана кісінің сөйлегені енді, вааще түсініксіз болды, қайдан білейін:).

Сосын тағы бір күні әлгі жігітпен сөйлесіп отырсақ айтады, келгелі жедел жәрдемде де, полицияда да болып көрдім дейді. Мен айтам келгенің бір жыл ішінде талай нәрсе бастан кешіпсің ғой деп:))). Қайдан жедел жәрдем мен полицияға барып жүрсің десем оқиғасы бірінен-бірі асқан күлкілі:)))). чаттағы әңгімені сол күйінде жаздым, тек енді қазақшасын біраз жөндегенім болмаса Read the rest of this entry »