Archive for the ‘махаббат хикаясы’ Tag

Ж-дорама Buzzer Beat немесе Тағдыр қосқандар   10 comments

2009 жылдың үздік сериалдарының бірі. Рейтингте 4-орынды алған бұл дораманың ерекшелігі махаббат, романтика толы. Соңғы жылдардағы жапон сериалдарындағы бір тенденция махаббат тақырыбындағы сериалдар аса жоғары рейтингке ие болмайды, демек жоғары орын алатындай тартымдылығы болғаны. Сосын бір қызығы 40-тан асқан әйелдер арасында атақты бопты. Өзім ол кезде Қазақстанда болғасын дәл сол кезде көре алмадым бірақ тіпті индонезиялық жігіт достарым өліп көрген еді, фейсбуктағы статустарында Наоки Рико деп жүретін:))). Сол кезден ақ любопытная болған сериал еді,қарағасын өзіме қатты ұнады, хотя мен романтикалық фильм, сериалдарды  ұнатпасам да, бұл сериалды көрсеңдер өкінбейсіңдер деймін.

Негізгі оқиға скрипачка Рико деген қыз бен баскетболшы Наоки деген жігіттің төңірегінде өрбиді.

Рико өте ашық, жайдары қыз. Жәй кәдімгі отбасынан шыққан. Скрипканы сүйеді бірақ тек музыкамен күн көру мүмкін емес ау деп қиналып жүрген қыз. Себебі бітірген консерваториясы екінші сорттағы деп айтса болады, атақты консерваторияның түлегі болмағасын да лайықты оркестрге жұмысқа орналасу өте қиын. Бірақ сондай қиындықтарға қарамастан ылғи да әртүрлі прослушкаларға барып, қайтсем де оркестрға кіргім келеді, музыканы мамандық еткім келеді деген арманын тастағысы келмей күнде тырысып бағуда. Read the rest of this entry »