Archive for the ‘махаббат туралы кино’ Tag

Алғашқы махаббатымды саған бердім (Boku no hatsukoi wo kimini sasagu)   13 comments

Кеше достарыммен киноға бардым. Екі кәріс қыз бен жапон жігіт 4-міз.

Осы фильмдегі актриса Inoue Mao маған ұнайды, содан мелодрамаларды аса ұнатпасам да барайықшы барайықшы деп мен бастағам. Әйтеуір мангадан алынған әңгіме екенін ғана ұқтым.

Жалпы соңғы жылдары Жапониядағы бір тренд, манга болады, кейін содан аниме түсіреді, одан ол әйгілі болса одан дорама (сериал) шығады, егер ол да дамыған сериал болып кетсе кейін одан фильм жасайды.

Меніңше соңғы жылдары өте атақты болғаны Хана Иори Данго сериалы, бірінші тайвандықтар түсірді, одан кейін жапондар 2 сезонын жасады, кейін тіпті фильмін түсірді, енді сұмдық хит болды бүкіл Шығыс Азияға, биыл кәрістер де өз версиясын шығарды. Тааак басты әңгімеден ұзап кеттім:))

Cонмен алғашқы махаббатымды саған бердім:) Read the rest of this entry »