Archive for the ‘көшу’ Tag

сол баяғы квартираның мәселесі.. сосын көз тексерту   10 comments

Нагасакиде уже көктем, бүгін жемпір киіп шыққанымды қайтейін пысынап өлдім, келесі апта уже сакура көруге бара беруге болатын шығар мына түрімен..

Бүгін соол барып квартираны көріп, сосын контрактқа қол қойдым. Келесі айдың 25 нен басталады келісімшарт, бірақ әйтеуір кілтті 24і күні алатын болдым. Себебі елдермен келіскенім сол болатын, маған көшірісуге көмектесетін адамдармен, оның үстіне 25 күні универ бітірушілерге дипломын официально тапсыратын күн. Бір жапон досым, сосын біздің профтың семинарынан бітіреді 2-3 студент. Баяғыда сөз беріп қойған едім, бітіру күніне барамын деп, ал бірақ ол жылда 25 наурыз екенін білмид екем, өзімше келісімшартқа 25 деп қойғам, қайта маклерлік компанияның адамдары 24 кілтті беретін болып келісті, сосын онымен қоса су мен электр жағы сол күнге қосатындай боп жасайтын болд, ал газ жағын өзім келісуім керек екен.. Вощым бүгін талай жұмыс бітті.

Онымен қоса офтальмологқа бардым, Read the rest of this entry »

БАЛА БАСТЫҚ- биылғы Жапониядағы хит   4 comments

Тойотаның жарнамасында  сегіз жастағы Като Сейичиро бала биылдан бастап көріне бастады.

Сүйкімді қылықтарымен халық арасында танымал боп кетті. Тіпті биыл кең таралған сөздердің ондығына Бала бастық cөзі кірді:).

қазір теледидарда жүріп жатқан жарнамасы 15шісі ғой дейм, ал ең басында басталғанда..

Бала болса да бастық, әлі бала болса да неге екені бастық, мектептен шыққасын Тойотаның дилер дүкеніне барады. Есепке күшті болса да, мамасына келгенде еркелейтін бала деп. Дүкенге келген мамасы мен апайы» аааа мынадай жерде бастық боп жүр екенсің ғой, байқа тәттінің бәрі бітіп қалатын болды», апайы -«бір өзім бәрін жейтін болдым»- дегенде, кешіріңіздер деп үйіне қайтып кететін жарнама.. Қарап отырып еріксіз күліп жібересің жарнамасына:))). Read the rest of this entry »