Archive for the ‘кәріс салт-дәстүр’ Tag

менталитеттің айырмашылығы??   9 comments

Осы менің жатақханамда қытайлар көп, сосын кәрістер көп, сосын африкадан бар 5-6 адам, Суданнан, көбісі Кения ғой дейм. Сосын арасында мен бар филипиндік және Мьянмадан бар бір бірден майноритиміз:))

Біздің универден тағы бір жатақхана бар шетелдіктерге,  онда Еуропадан әсіресе Голландиядан көп сияқты байқауымша. Бізде енді 2-еу ақ голландтықтардан, біреусімен былай амандасып, жағдайымызды сұрасып тұрамыз, бірақ керемет араласамыз деп айтпас едім. Өзі медицина факультетінде 6 айлық практика сияқты курсқа келген,  3 ай болд жапон тілін оқып жүр, былай примитивті ойын жеткізе алады. Атын жарайт Кай дейікші:).

Біздегі қытайлар көбісі ағылшын жақсы біледі, и жапонша да жаман емес, ал кәрістердің ағылшыны онша емес. Өткенде ғой бір кәріс қыз, туу айтшы ана Кайға, түсінбей жатыр деп, голландық жігітті көрсетед, ия не болд десем, ағылшыным жетпей жатыр, жапонша айтсам ұқпайд деп:)). Read the rest of this entry »