Archive for the ‘кәрістер’ Tag

менталитеттің айырмашылығы??   9 comments

Осы менің жатақханамда қытайлар көп, сосын кәрістер көп, сосын африкадан бар 5-6 адам, Суданнан, көбісі Кения ғой дейм. Сосын арасында мен бар филипиндік және Мьянмадан бар бір бірден майноритиміз:))

Біздің универден тағы бір жатақхана бар шетелдіктерге,  онда Еуропадан әсіресе Голландиядан көп сияқты байқауымша. Бізде енді 2-еу ақ голландтықтардан, біреусімен былай амандасып, жағдайымызды сұрасып тұрамыз, бірақ керемет араласамыз деп айтпас едім. Өзі медицина факультетінде 6 айлық практика сияқты курсқа келген,  3 ай болд жапон тілін оқып жүр, былай примитивті ойын жеткізе алады. Атын жарайт Кай дейікші:).

Біздегі қытайлар көбісі ағылшын жақсы біледі, и жапонша да жаман емес, ал кәрістердің ағылшыны онша емес. Өткенде ғой бір кәріс қыз, туу айтшы ана Кайға, түсінбей жатыр деп, голландық жігітті көрсетед, ия не болд десем, ағылшыным жетпей жатыр, жапонша айтсам ұқпайд деп:)). Read the rest of this entry »

Қазақстан туралы..   12 comments

Бүгін бір баяндама жасадым сабақта. Баяндама болғанда Қазақстан туралы жалпы түсіндірме деген сияқты нәрсе. Мұғаліміміз ҚЗ туралы білеріміз аз сондықтан мүмкін бізге жалпылай мәліметтер сияқты ғып жасарсың дегесін.

Басында ғой, басымды қатырып бір күн отырдым, содан уже кешкі 9 болғанда идея келді. Ана өткендегі жапонша сайттан алдым да мәліметтерді, тек жылдарын жаңалап, керек емес жерлерін ап тастап, қызық деген жерлерін енгізіп басқа жерлерден. Сосын мынау деген былай бірақ негізі былай деп. түсіндіріп өттім. Жапондарға қызық болғаны биліктің премьер министр емес президенттің қолында болуы.. сол сосын қазақтар туралы айтып. мен айтам еее біздің қазақтарда сағат 5 деп айтса  6 да келеді, не тіпті 7-де десем , ееееее?? деп таң қалып:))) Read the rest of this entry »