Archive for the ‘күнбағыс’ Tag

тағы бір бизи күн..   10 comments

Кеше профессорым ”——-” барып көресің бе дегесін жарайд дегем. Содан соңғы сабаққа барған жоқпын, бір қума сабақ бар, 40 пайызын түсінсем түсіндім, әйтпесе онысын да ұқпайтын бір жынды сабақ :))). Мастерге түсетін болсам точно алмайм сол сабақты:))

Сүйтіп сабақтарым біткесін ызғытып великпен келе жатсам ана жынды сабақтан беретін мүғалімім алдымнан шықты, ол кісі де великпен (жалпы біздің факультеттің мұғалімдерінің көбісінің велик мінгендерін көремін, как никак экология факультеті болғандықтан шығар хаха:)) содан тоқтап сабаққа бара алмайтынымды айттым..

Содан семинар румға қарай келсем біздің семинардың балалары мені сыртта күтіп жүр екен, заттарымды тастап семинар румға, машинаға отырдым. Қайда бара жатыр десеңіздер? Read the rest of this entry »

Field work   9 comments

Ой бүгін шаршадым реально..Түсте бір баяндама жасадым, содан таңертеңнен сонымен айналыстым, содан түсте сабақ біткесін, біздің профессордың студенттері жиналып күнбағыстарды дәнінен тазарттық. Не қылған күнбағыс десеңіздер біздік профессор Нагасакиге жақын бір ауылда күнбағыс өсіреді. Көбіне сол 3 курстың студенттері барады апта сайын. Ол күнбағысты еккен кезде бәрі барады, кейін оны 3 курстар бақылайды көбіне. Сол өткенде біразын орып ап келіпті, ол күні жаңбыр болған еді сұмдық, одан бері сенбі жексенбі,уже көгере бастаған, кеше қасындағы бір мұғалім не андағы, уже саси бастады деп біздің профқа сөйлеген екен, сонымен бүгін түсте жиналдық Химено семинардың 7-8 студенті, мұғалімімнің аты Химено, солайша біз Химено семинардың студенттері боп саналамыз. Біздің Химено семинарда 4 курспен қосқанда шамамен 10 студент шығады. Көбісі жігіттер, қыздардан сол бір қыз бар 3 курс, сосын мастерлерден менің тюторым бар, сосын шетелдік екеуміз, бірақ қытайлық Рю көп келмит, сонда 3 қызбыз десе болады, қалғаны 7-8 жігіт. Read the rest of this entry »