Archive for the ‘Ким Ю На’ Tag

Маочян жарады!   1 comment

Осы қыстық маусым бітердегі ең соңғы жарыс, Туриндегі әлем чемпионатында Асада Мао чемпион атанды. Тек Асада Мао емес Такахаши Дайсуке де алтын алды.

4 тік флипы керемет таза болмаса да, сәтті болды, ал басқа жағынан сөз жоқ болды.  Энергияға толы орындау, өте эмоцияға толы. Дайсуке красавчик!

Осы спортсменнің алға ұмтылысына таң болам әркез, сосын әрине талмай еңбек етуі, тіпті сол 4 тік элемент сәтті шыға қоймайды-ау десе де, ылғи бағдарламасына енгізуіне риза боламын. Ну осы жолы әрине Лайсачек пен Плющенко қатыспады, сондықтан нақ Дайсукенің жұлдызды сағаты болды, бірақ мен үшін Лайсачек бір керемет фигурист емес, бір кішкентай кезіміздегі ертегілерде Кащей бессмертныйдың қасында жүретін нөкерлеріне ұқсатамын:). Шамасы бойы ұзын, қабағы түксиген, онымен қоса мұздағы киімі қара болғасын:)))). Read the rest of this entry »