Archive for the ‘кек’ Tag

Innocent man немесе Nice guy   5 comments

Дәл кеше көріп біткен дорама, бірден рецензия жаза қояйыншы деп, әйтпесе кейін әсері жоғалып кететіні бар. Жақсы әсер қалдырды сериал.
vlcsnap-2013-08-14-00h30m09s255
Жалпы алғанда сериал атмосферасы ауырлау, ну қалай бір жүк тұрғандай әсермен көресің, шығармашылық топтың ойлағандары іске асқан, тек әрине басынан өзі адам өлімінен, точнее өлтіруден басталған соң, қайдан мейірбан, арайлы дорама болсын:)
Кәріс дорамаларына қатысты менің сүйікті рецензентім дәл айтқан.»Кейіпкерлері джынды болғанда экстермалды джындылар, бірақ та бекем мінезді және өте өте мега тартымды. Ішкі әлемдері қараңғылығылымен қатар, өте терең ойлы, толғандырғыш, біресе мұз, біресе от болған кейіпкерлі дорама. Негізі қатты көп күтпей, жәй ғана дораманың темпіне еріп қарағандарыңыз дұрыс» деп рецензия жазған екен. Ох қалай осы елдер 5-6 сөйлемммен дораманың атмосферасын да, кейіпкерлерін де орны-орнымен рецензілеп тастайд аа???:!))) мықты сыйлайм осы рецензентті!
Дорама желісі енді былай жанр классикасы десе болады, махаббат, сену, алдану, өкіну, одан асқан соң кек алу. Оқиға бойынша Мару (жігіт) сүйіктісін қорғаймын деп, ол қыздың қылмысын мойнына алады, түрмеден шықса ол сүйіктісі өз-өмірі өзінде, шаттық думан дерсің, мұны ойлап, күткен адам жоқ оЧым. Ол аз болғандай, одан әрі жала жаппақ болғанда бұл жігіт экс-сүйіктісінен кек алу үшін, оның өгей қызымен жақындасуды ойластырады. Ауыр оқиғадан басталғанымен, ішінде кәріс дорамаларына сай кейбір клишелерден ада болмаса да, әсерлі дорама болып шыққан.

Мен ылғи прикол ұстайтын Read the rest of this entry »

Posted Қыркүйек 5, 2013 by 6gradus in Дорамалар

Tagged with , , ,