Archive for the ‘инчон аэропорты’ Tag

Жалғасының жалғасы :)))   8 comments

Сеулге аман-есен қондық. Транзит кеденде осы жолы проблемсіз өттім. Әйтпесе менде ылғи бірдеме болады сол транзит кеденде қол жүкті тексергенде,  біресі сұйық зат бар деп ұстап, біресе күмәнді зат бар деп,  ал бірде сканерден 40 рет өткізгені бар еді. Содан ақыр аяғында сол күмәнді зат не екенін ешкім ұқпады, мен де 😀 Білмим әлгі сканерде не боп көрінетіні, содан  металіздегішпен тексерсе оған да реакция берді. Бір бомба жатқандай шиқылдап. Ақыр аяғында сувенирлік, боялған тастар бар еді, солардан болар деп шештік, бүкіл сумканы қопарып, дым таппағасын 🙂 Сол жағдай жүрегімде жаман қалып қойыпты 😡 Read the rest of this entry »