Archive for the ‘Золушка’ Tag

Әттең Золушка емеспін немесе бисерден жүзік жасау   8 comments

Бисерден әшекейлер жасауға бұрыннан қызығам. Осы бір хобби туралы жазып кетейін дедім. Негізі екі жыл бұрын басталған қызығушылық. Сол кезде бірнеше кітап, сосын біраз бисерлер алған едім, бірақ одан бір моншақ қана жасалды да содан тұрған бооосқа үйде. Осы жазда Алматыға барғанда сол кітаптарды көтеріп келдім, турасын айтқанда Анар көтеріп келді (Асиана қол жүгің тым көп деп басты ауыртқасын)
Әрбір қолөнерге қажетті құралдары сияқты, бисерде де арнайы құралдары бар. Өткенде қаптатып бисерге тапсырыс бергем инеттен, бірақ сонда да әлі аз, жетпей тұр кей түрлері. Бисерді салатын ыдыс маңызды. Алып-салғанға ыңғайлы болуы керек. Қазір мындай ыдыстарға сап қойдым, керемет қолайлы, әр бисердің бөлек қақпағы бар. Арзанға табыла кетті бір жергілікті дүкеннен, әйтпесе өткенде инеттен қарағанда ужыс болған бағалары. Read the rest of this entry »