Archive for the ‘заң’ Tag

Вампир-прокурор   8 comments

Осы жылы қаптатып кәріс дорамасын қарадым дедім ғой. Соның ішіндегі бір ерекшесі Вампир прокурор.

vampire1

Мен кәріс дорамасын көрместен бұрын сүйенетін драмабинсым тағы да керемет рецензия жазған екен осы дорама туралы.

«Ақылды, әрі секси , экшн криминал дорама, паронормальды дегеннен гөрі заң, процессуалды қайшылықтарды, қылмыстарды қозғаған дорама десе болады. ИИИИИИИ қалай ғана Вампир мырзаны тартымды деп айтпайсың!! Бірқалыпты заңға қатысты процесстермен  қатар тылсым күштермен ұштасқан жері, сізді сәл-сәл, тағы да, тағы да, енді не болады деген ойда қалдырады».

Хехе шынымен, бар ғой басты кейіпкер сондай тартымды шыққан.  Асып, тасыған эмоциясы жоқ,  бірақ  вампир кейпіне енген кезі енді супер!!   оЧымЭдвардқа ғашық болған қыздарды түсінгендеймін:))))))))) хехе екі персонаж  дым ұқсамайт пыросто вампир болғасын паралель жүргізіп отырмын.

vampire5

Арнайы топтың мүшелері де күЧт. Әрқайсы өзінше приколдары бар:)) Негізі  әзілге тола дорама десе болады. Әзіл дегеннен гөрі сарказмге көп келеді:)

Жалпы оқиға желісін айтар болсам,Прокурор Тае кәнігі  әділ, ақылды, мықты прокурор етін, бірақ бір күні қылмыскерді қуамын деп, автоаварияға түсіп, ақырында бір вампир тістеп алғасын, вампирге айналып кетеді. Ең басында бұл жері түсініксіз әрине, қайдан қалай пайда болған вампир екені.  Прокурор бұдан былайғы өмірінде өзінің вампирге айналу себебін іздей бастайды. Неге мен? Сосын тағы бір қызығы, келе-келе түсініксіз қылмыстар көбейіп жатқасын, өзінің жалғыз вампир емес екенін түсінеді. Read the rest of this entry »