Archive for the ‘жемқорлық’ Tag

билік басындағы партияның рейтингі түсуде..   2 comments

Қазіргі Жапония билік басындағы демократиялық партия скандалдардан арылмай ақ қойды. Премьер министр Хатояма Юкионың мәселесі басылып еді, одан кейін партиядағы екінші адам (кей өсектерге сенсек немесе кейбір сәттеріне қарап тіпті бірінші адам) Озава Ичиро партияның генералды секретары да ақшаға қатысты скандалдың ортасында қалды.

Барлығы сол меншігіндегі мүліктердің ішіне бірнеше жыл бұрын алған жерді енгізбеген боп шықты. Токио Сетагава ауданындағы жер, территориясында қойма сосын тағы бір ғимарат бар болу керек. Шамамен 4 миллион долларға сатып алынған, сол жерді меншігіндегі заттардың тізіміне енгізбеген, одан бұрын сол жерді сатып алған ақша қайдан келді деген сұрақ туындады.  Read the rest of this entry »