Archive for the ‘жарнама’ Tag

Субарудың көңілді жарнамасы   18 comments

Соңғы кездегі жарнамалардан осы бір жарнама ұнайды. Жапонияның жазғы мейрамдарының атмосферасы көрсетілген. Жазда жер-жерде Жапония бойынша жаздық фестиваль ұйымдастырылады. Кешкісін салют болады. Палаточный қалашық құрылып, жапондық дәмдерді жеуге болады, өте көңілді қысқасы. Оған қоса мына жарнамадағыдай юката (жеңіл халат) киген қыздарды көп кездестіруге болады. 15 секундтық жарнамаға жазғы жапондық дәстүрді сыйғызғандары, мейкерлері мықты екен:)).

Биыл Нагасакиде мен 31 шілде бардым салют көруге. Бірақ өзіме естен кетпейтіні баяғыда Фукуокада бір жапон апайдыкіне хомстейге барып, юката киіп ханаби (салют) қарауға барғанымыз:). Айтпақшы мына жарнамадағы актриса Кичисэ Мичико да Фукуокадан екен:).

Жарнамада Субарудың жаңа модельдеріне экологиялық скидка жасалатыны айтылған. Экономикада қозғалыс болуы үшін, сосын Жапонияның СО2 ды 25%-ке азайту деген мақсатына қарай экологияға зияны аз заттар алыну үшін мемлекет жаңа модельды TV,кондиционер, тоңазытқыш алғанда да,  жаңа модельды машинаға берілген сияқты, тағы бірқатар заттардың құнының біраз сомасын мемлекет тарапынан жабады.

Advertisements

красавчик Рё:)   Leave a comment

Былтыр Жапониядағы аты аңызға айналған бала Ишикава Рё. Алдында бала бастықпен түскен жарнамасын ілген едім. 18 жасында гольф турлардағы жеңісі арқылы 1,5 мил доллар табыс тапқанымен одан сайын атақты болды. Берген интервьюлерін тыңдасаң енді сондай байсалды жігіт, әлі де 18дегі бала деп айтпастай. Әртүрлі жарнамалардан көрінеді, № 1 авиакомпаниядан бастап әлеуметтік жарнамалардан да көруге болады.  Мынау осы өткен апта шыққаны, костюмді жарнамалаған. Қарттар да жақсы көреді ақылды бала деп,  балалардың да кумирі.. Сондай маладес бала көз тимесін..

Өткенде ғой бір бағдарламада осы Рёға бір үлкен актер «бұдан былай да табыс тілеймін, тек бір сақ болатын нәрсе айтайын» деп, «иә не?»- деп Рё құлағын тосса, «әйелдерден сақ бол» деп ана кісі күшті айтты:)))))))))))).

Осы Ишикава Рёға қызығып гольф бастағандар қаншама:). Жапондар әртүрлі модаға бейім халық қой жалпы:). Read the rest of this entry »

шоколад демекші   4 comments

алдыңғы бір постта Жапонияда ғашықтар күніндегі шоколад сылау туралы айтып едім ғой, содан есіме түсіп кетті:))) Бізде де сатылатын КитКат шоколады бәріңізге белгілі, ол шоколад Жапонияда да бар. Біздегі кәдімгі қызыл орауға салынған сүтті, ішінде вафлимен шоколад қой. Бұрын мән бермеген екен, жоқ әлде бұрын Жапонияда да болмады ма екен??. Воощым мында КитКаттың дамыған түрлері бар. Әлде КитКаттың франшизасын кейіндері сатып алған ба екен??? Read the rest of this entry »

БАЛА БАСТЫҚ- биылғы Жапониядағы хит   4 comments

Тойотаның жарнамасында  сегіз жастағы Като Сейичиро бала биылдан бастап көріне бастады.

Сүйкімді қылықтарымен халық арасында танымал боп кетті. Тіпті биыл кең таралған сөздердің ондығына Бала бастық cөзі кірді:).

қазір теледидарда жүріп жатқан жарнамасы 15шісі ғой дейм, ал ең басында басталғанда..

Бала болса да бастық, әлі бала болса да неге екені бастық, мектептен шыққасын Тойотаның дилер дүкеніне барады. Есепке күшті болса да, мамасына келгенде еркелейтін бала деп. Дүкенге келген мамасы мен апайы» аааа мынадай жерде бастық боп жүр екенсің ғой, байқа тәттінің бәрі бітіп қалатын болды», апайы -«бір өзім бәрін жейтін болдым»- дегенде, кешіріңіздер деп үйіне қайтып кететін жарнама.. Қарап отырып еріксіз күліп жібересің жарнамасына:))). Read the rest of this entry »

Асада Мао, мәнерлеп сырғанау, Юзу тобы   8 comments

«Ең алғаш мәнерлеп сырғанаумен апайыммен мұз айдынына барғанда таныстым.

Мен бар күшімді сап тырыстым,  адамдарды қуанттым, бұл  мен үшін бақыт болды.

Көп адамдардың жанкүйер болуы, қолдау көрсетуі менің осылайша жетістіктерге жетуіме көмектеседі.» -жарнамадағы сөздер. Негізі сақтандыру компаниясының жарнамасы..

Асада Мао бүкіл жапондық героиня деп айтса болады. Read the rest of this entry »

жарнама Menard-Шима Ивашита/ әні Токунага Хидэаки   Leave a comment

тууу осы жарнаманы жақсы көремін:)

Менард деген косметика компаниясының жарнамасы, атақты брэнд. Мындағы актриса керемет таңдалған, сосын бэкграундтағы ән де керемет. Токунага Хидеакидің «Daijini suru yo»-(Аялап өтемін) әні таңдалған. Ну мына ютюб видеосының сапасы нашарлау әйтпесе ана киген кимоносының түсі қатты ұнайды, сосын түсірген ортасы да керемет, Киотодағы атақты бір бақта түсірген. Актрисаның жүріп өтіп, сосын отырғанда кимононың етегін жинап отырғандағы жері, енді керемет элегант, нағыз жапондық әйелдерше..

мынаусы 30 сек

Read the rest of this entry »

пауза Фукуяма Масахару:)   7 comments

Дос болып қала алмаймыз.. Бұрынғыдай, ғашықтар да бола алмайтынымызды  білемін ғой

бірақ та жүрегімнің түбіндегі мәңгілік махаббат деп атайыншы

супер жарнама, әні үшін осы Фукуяманың даусы үшін ұнайды:). Read the rest of this entry »