Archive for the ‘жапон әншісі’ Tag

Араши No.1   17 comments

Арасында Жапонияның танымал артисттерін таныстырып отырайын, онымен қоса Жазира мен Айжаннұрлардың сұрауы да бар. Өткенде ана жаңа жылдық құттықтауда қойған видеоның алдыңғы жылғы версияларында осы Арашилар түскен екен. Балдырған мен Баян ға айтып айтып уже олар Арашиді біраз танып қалды:))

Дәл қазір Жапонияда ең атақты топ кімдер десе Араши деп айтса еш қате болмайды. Jonny’s entertainment продюсерлік орталығының 5 жігіттен құралған тобы.( Jonny’s entertainment атақты бойбэндтерді шығаратын продюсерлік орталық. Жапондар осы жерден шыққан топтарды жяйниз дейді, құраушысы Джяйни Китагава деген кісі де ерекше әдеттерімен аңыз боп кеткен адам).

Қазақшаға аударсақ-Дауыл тобы. 2009 жылы альбом сатылымы бойынша № 1, DVD сатылуы бойынша № 1 және №2 орынды алды. Тек синглдарының сатылуы бойынша 1-2-3 және №5 орынды да бір өздері алатындай керемет танымал топ. Соңғы All the best 1999-2009 альбомы 1 жарым миллиондай дана сатылған. Believe, Ashita no Kioku синглдары алғашқы аптаның өзінде 500 мың данадан артық сатылған екен.Топтың мүшелері Мацумото Джюн (халық арасында Мацужюн), Ооно Сатоши, Айба Масаки, Ниномия Казунари (Нино), Сакурай Шё.

Жігіттер тобы болғасын тек қыздар арасында танымал болады ғой көбіне, ал Арашидің бір ерекшелігі бесіктегі баладан бастап 60-тағы апалар да , тіпті ер адамдар да жақсы көреді.

1 айдан кейін басталатын қыстық олимпиадаға баратын жапондық спортшылар тобының жанкүйерлік әні, тема сонгты да осы Араши айтатын болды.

Read the rest of this entry »