Archive for the ‘жапон тілі’ Tag

құжаттарды тапсырдым   3 comments

туу осында келгелі уже неше рет мастердің зерттеуіне қатысты жоспарымды тапсырдым. Кеше сол өтініш бар, тағы басқа құжаттар бар толтырып, ана зерттеу жоспарымды жапонша жаздым, нуу мен емес тюторым екеуміз жаздық енді, жалығып кеттім бәрін жазып біткенше себебі бәрін қолмен толтыру керек екен. Канжиден (иероглиф) нашар маған қиындау болды, минут сайын электронды сөздіктен қарап, сосын маңызды құжат болғасын, тіпті білетін иероглифті ұмытқандай өз-өзіңе сенбейді екенсің, сол түнгі 10-ға дейін отырып бітірдік-ау. Мен айтам мына шимайды қайтед, одан да комптан жазған нәрсені оқығанға да оңай ғой десем , жазған адамның мінезін де байқауға болады деп жазудан, ну типа графология.. Read the rest of this entry »

Қазақстан туралы..   12 comments

Бүгін бір баяндама жасадым сабақта. Баяндама болғанда Қазақстан туралы жалпы түсіндірме деген сияқты нәрсе. Мұғаліміміз ҚЗ туралы білеріміз аз сондықтан мүмкін бізге жалпылай мәліметтер сияқты ғып жасарсың дегесін.

Басында ғой, басымды қатырып бір күн отырдым, содан уже кешкі 9 болғанда идея келді. Ана өткендегі жапонша сайттан алдым да мәліметтерді, тек жылдарын жаңалап, керек емес жерлерін ап тастап, қызық деген жерлерін енгізіп басқа жерлерден. Сосын мынау деген былай бірақ негізі былай деп. түсіндіріп өттім. Жапондарға қызық болғаны биліктің премьер министр емес президенттің қолында болуы.. сол сосын қазақтар туралы айтып. мен айтам еее біздің қазақтарда сағат 5 деп айтса  6 да келеді, не тіпті 7-де десем , ееееее?? деп таң қалып:))) Read the rest of this entry »

Дамып жатырмын:)))))   12 comments

Айтпақшы мобайл алдым ғой!!!

енді мында керемет хабарласатын адамдар аз, бірақ керек кезде таба алмайтының жаман.. Тел номеріңді берші дегенде өткен ғасырдың адамындай менде әлі мобайл жоқ деп тұрған өзі біртүрлі екен:))) Read the rest of this entry »

Өзіме өзім риза боп отырмын:))))   2 comments

Бір іс тындырған кезде сіздерде де сондай сезім болатын шығар деп ойлайм. Келгелі анау деп мынау деп, бір құнттамай, бірақ ақыры сабақ бастағалы өте-мөте керек нәрсе, электронды сөздік !!, кеше соны лабтағы бір жігіт көмектесіп инетпен тапсырыс берген едік, оларда бітіп кеткен боп шығып, тағы бірнеше жерден мэйлмен сұрап, ақыры Хирошимадағы бір компаниядан біреу табылды, сонымен бағанадан мэйлмен сұрап, одан бар болғасын телефон соғып тапсырыс бердім, жексенбі күні келу керек, яхууууу!!!! Read the rest of this entry »