Archive for the ‘жапон императоры’ Tag

Жапон императорының туған күні   15 comments

Бүгін Жапония бойынша демалыс

себебі қазіргі императордың туған күні, 76 жасқа толып жатыр. Сол үшін бүгін құттықтап келген адамдардың алдына шығып, рахметін айтып, елдерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, келер жыл жақсылықтар әкелсін деген тілектер айтты.

Негізі әлемдегі басқа ақсүйек отбасыларына қарағанда жапондық ақсүйектер отбасының этикеті қиындау, былайынша көп халықпен араласпайды. Көп халық алдында көрінетіні осы туған күн сосын жаңа жылдың екінші күнінде ғана, оның өзі бір  бес минут бола ма жоқ па? Императормен қатар екі ұлы әйелдерімен, крон принцқатысады осы шараға.

Саяси еш құқығы, күші жоқ болғанымен, былайынша жыл бойы әртүрлі шараларға қатысалды, бос болатындай күні жоқ деп айтса болады. Осы жылы император денсаулығы онша болмай графигі біраз жеңілдеу болды. Жапония ішіндегі әртүрлі шараларға қатысумен қатар шетелдік елшілер және басқа да қонақтарды қабылдайды. Read the rest of this entry »