Archive for the ‘Жапония өмірі’ Tag

Қоқыс лақтыру   18 comments

Жапонияда кез келген уақытта қоқысты лақтыра алмайсың, баяғыдағы бір универ туралы постымда жазған едім ғой. Қазір ғой бұрынғыдай емес, квартираға шыққасын қоқысты уақытында лақтырып үлгермесең қалады келесіге дейін. Мынау менің бір апталық пластик қоқысым.

Жапондарда не көп, пластик қоқыс көп. Осы пластик қоқыс ішінде жүзім салған пластик, алма салған пластик, йогурттың ыдысы сияқты заттар. Айтпақшы йогурт ыдысын лақтырарда жуып лақтыру керек:).

Осындайдан тағы бір пакет тұр, өткен аптаның қоқысы:). Өткен сәрсенбі күні кеш тұрып, лақтырып үлгермегенмін. Аптасына бір ақ рет болғасын менде көбіне осылай қап қояды, екі аптаның пластик қоқысын жинап бірақ лақтырамын көбіне, арасында пысық болып кеткен кездері болмаса:). Пластик қоқыс енді көгеріп, не иісі шығатын емес, орын алады дегені болмаса, бір бұрышта тұрып, былай зияны жоқ болғасын сабаққа шығып бара жатқанда ұмтылып қалатыны бар. Үйге жақын жерде арнайы бір жерге қойып қоямыз, содан арнайы машина кеп ап кетеді.

Ана артында тұрған қызыл ыдысқа ас үй қоқысы, жанатын қоқысты жинаймын, иіс шықпас үшін осы бір бакты алғанмын. Оны сол дүйсенбі және бейсенбі күндері лақтыру керек. Ол енді иісі шығуы мүмкін болғасын уақытында лақтырылады.

Осындай жүйеге әбден үйреніп алған мен, осы жазда Алматыға барғанда жамааан болдым ғой. Үйдегі қоқысты бәрін былықтырып тастағанға жаман жүрегің ауырады екен тегі..

Пластиктерді бөліп лақтырып, оларды өңдеген қандай жақсы, әйтпесе пластик ол бір мәңгі материал ғой, шірімейд та, дәнеңе етпейді. Пластик бөтелке, полиэтилен пакет топыраққа сіңуіне 500 жыл кетеді. Қазір полиэтилен пакеттерді тасталмаған жері жоқ, теңіз акулаларының асқазанынан да шығып жатыр.. Сосын қайта өңделген пластик пен жаңа пластик өнімді шығаруға жұмсалатын энергияны есептегенде, қайта өңдеуде ауаға CO2- көмірқышқыл ғазы 90% ке аз шығады.

Адамдар өзімізге өзіміз жаумыз.