Archive for the ‘жапониядаңы апат’ Tag

Жапониядағы апат   22 comments

Жер сілкінісі Жапонияның солтүстік шығысында болды. Бүкіл зардап сол солтүстік шығыстағы қалаларға келді. Басқа жерлерінде де жер сілкінісі сезілді. Бірақ негізі бізде көрсетіп жатқан жаңалықтарда шындықтан өтірігі көп. Ойбай радиация деп әсіресе Ресей жаңалықтары өтірік шыны аралас қып таратты. АЭСте жарылыс болуы болды, бірақ бір жылдық норманы лақтырды дегені жалған.
Иә әрине адам шығыны бар, дәл қазір 1750дей адам қайтыс болғаны белгілі болып тұр. Жоғалған адам саны 1800дей. Бірақ ондай апатта 3 мыңдай адам шығыны деген минималды сан менше. 10 милллиннан артық адам тұратын территориядағы құрбандар саны. Алматыда ондай жер сілкінісі болсыншы, бір |Құдай өзі сақтасын бірақ 300 мың адам қырылар. Біздегі үйлерге сенім аз.

Негізі осы жолғы басты фактор әрине цунами болды. Себебі тек жер сілкінсе онда мындай материалдық та, адамдық зардап та келмес еді. Себебі үйлерінің технологиялар мықты ғой.
Ал бірақ бұл жағдай әрине онсыз да қазір әлсіреп тұрған жапон экономикасына тағы бір соққы болды. Бірақ қайта бұдан кейін солтүстік шығыста құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бұл кішігірім компанияларға жақсы болады.
осы көбіне цунамиде кететін адамдар өздері басына тапқан адамдар. Любопытный жасөспірім не болмаса кемесін сақтайм деген балықшылар. Не үйден шыға алмайтын шал кемпірлер.
Әйтпесе Жапонияда жер сілкінсе сол минутта-ақ теледидарда жоғары жағында хабарландыру береді. Мысалға Сендай қаласы аймағында жер сілкінді. Осынша балл болды, цунами қаупі жоқ не қаупі бар деп. Тіпті мысалға Нагасакиге 13.32 минутта келеді деп минутына шейін хабарлайды. Материалдық шығындардан әрине сақтану мүмкін емес. Бірақ адамдық шығындардан осылайша сақтануға болады. Осындай кезде теңізді көргісі кеп, не суретке түсірем деп суға кетеді.

Мысалы бізде далаға шығыңдар дейді ғой жер сілкінгенде, ал жапондарға ғимараттан шықпаңдар деп айтады. Себебі үйден шыққанша баспалдақтан шығып үлгеру қиын ғой. Одан да ғимараттан шықпаған дұрыс сосын далаға шыққанмен де бәрібір бос жер жоқ қой. Босқа құлаған ағаш, не әйнектен жарақат алуға болады. Тағы бір нәрсе 3-4 қабатты үйлерге қарағанда биік ғимараттар қауіпсіз.  Жер сілкінісіне қатысты  технологиялар осы елден шыққан ғой.

Қазір әлі де жер сілкінісі 3-4 баллдан жалғасып жатыр. Жапондар ғасырлар бойы мұндай жерде тұрып үйренгесін психологиялық жағынан мықты . Кішкене кезінен оларда жер сілкінісіне дайындық білім беру жағы жақсы.

Кеше Токиодағы достарым айтады. «Сілкінгене бастағанада бастығым  СТОЛ АСТЫНА ТЫҒЫЛЫҢДАР  деп айқайлады. Содан бір толқын өткесін стол астынан шығып бәрі бір күліп алды»- дейді. Тағы бірі айтады «супермаркетте жүргенмін, мен шок болып паника бола бастап едім, жан-жағымдағы адамдар сілкіне бастаған кезде адамдар тыныш қана бір-бірін құшақтап ақырын ғана сыртқа шыға бастады, ал бүгін дүкенге шығып келдім, көшеде адам жоқ, сонысы қорқынышты екен»деді. Мен айтам қайта жақсы емес па, бізде ондай болса, одан да бүлінген жерге ұрылар түсіп, ұрлық-қарлық, мародерлер қаптап кетер еді дейм. Ол жағынан енді Жапонияда қауіпсіз.

Қазір енді Токио жаққа да самолеттер ұшпайды екен. Мен айтам ой  5 см қар жауса да, қауіпсіз емес деп самолет ұшырмайтын жапондар мұндай жағдайда тем более ұшырмайды. Мүмкін ана самолет ұшатын полосаларға зақым келген де шығар.

Сосын электростанциялар бүкіл күш қуатпен жұимыс істемгесін электр қуаты да жеткіліксіз болады. Сондықтан бүкіл ел бойынша бірнеше аймаққа бөліп, жүйелі түрде электр жарығын 2-3 сағатқа өшіріп тқратын болды. Бұл жағдай осы айдың аяғына дейңн жалғаспақ. Әркім қай аймаққа жататынын анықтан соған қарай қимылдауларыңызды өтініеміз деп жатты. Содан кешелі бері достарым онарик батарейкасы мен майшамдар алып қойған. Себебі жер сілкінгесін бірден газды өшіреді одан кейін электр жеткізу ұшін жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Ал жетпеген жерлерге жоғарыдағыдай үнемдеу жұмыстарын жасайды.

Әрине жанұядағы кім қайтыс болса да орны толмас екені белгілі бірақ макро деңгейде қарастырар болсақ. Андағыдай апатта құрбан саны 3 жарымдай болуы менше өте жақсы сан.

Бүгін инеттен теледидарды көрдім, сол тазарту жүмыстары тірі қалғандарды және денелерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Көмекке ақша жинауда. Бір шетінен бір кереметі халық өздері волонтер болып, тұрып жатқан уақытша жерді таза ұстап, бір-біріне сүйеу болған адамдарды көргенде сүйсінгеннен басқа сезім жоқ.

Өз басым осы апаттан кейін бұл халыққа деген ілтипатым одан сайын артты. Қалай болған жағдайда да мұндай апатта минималды адам шығынымен шыққандары жылдар бойғы еңбектерінің нәтижесі ғой.