Archive for the ‘жапондық салт-дәстүр’ Tag

Maneki neko   Leave a comment

Мына бір жарнаманы жақсы көремін:).

Ана алдындағы постта жазып кеткен Миядзаки Аой түсетін жарнама. Сүйкімді жарнама, еріксіз күлімсірейтін жанр:).

Осы бір жарнаманың өзінен жапондық салт-дәстүрді, сенім-нанымды көруге болады:).

Сақтандыру компаниясының жарнамасындағы персонаждар Мияздаки Аой -дан басқа үйрек пен мысық:).

Aflac деген сақтандыру түрінің символы, brand mark- Maneki neko+duck, манеки мысықпен үйректің құрамасы:)

Мына суреттегісі брэндмарктың кристмас версиясы:)))

Сосын осы жарнамаға қатысты тағы бір қызық нәрсе осы жарнаманың мелодиясы Жапония бойынша рингтондарды даунлод жасау ранкингы бойынша 2009 жылы 9 орынды алып, тіпті Арашидің Believe-нен көп даунлод жасалған екен:)) Жарнаманың сөздері: мысықпенен үйрек бірігіп барлығына бақыт тілейді.. Read the rest of this entry »

шоколад демекші   4 comments

алдыңғы бір постта Жапонияда ғашықтар күніндегі шоколад сылау туралы айтып едім ғой, содан есіме түсіп кетті:))) Бізде де сатылатын КитКат шоколады бәріңізге белгілі, ол шоколад Жапонияда да бар. Біздегі кәдімгі қызыл орауға салынған сүтті, ішінде вафлимен шоколад қой. Бұрын мән бермеген екен, жоқ әлде бұрын Жапонияда да болмады ма екен??. Воощым мында КитКаттың дамыған түрлері бар. Әлде КитКаттың франшизасын кейіндері сатып алған ба екен??? Read the rest of this entry »

Жапонша жаңа жылдық құттықтау   12 comments

Жапондарда жаңа жылмен құттықтау дәстүрі керемет дамыған.

Жаңа жылдық құттықтау қағазын жіберу дәстүрі бар, жұмыстастар, туыстар, достарға жіберіледі. Бір жапон досым  «Бұрын әкем жұмыс істеген кезде 150-200 дей құттықтау жіберетінбіз, алатынбыз, ал қазір зейнетке шыққасын, ондай көп емес» дейді.

Бұл дәстүр негізі JP пошта компаниясына керемет пайдалы енді:))). Бірақ соңғы жылдары бұл дәстүр азайып барады. Жастар арасында ондай құттықтау жіберетіндер аз. Поштамен жіберу байлаыстың аналог түрі ғой енді:))). Онымен қоса қолмен жазу керек, ол да бір машақат:)).

Содан мені осы жапон поштасының жарнамасы қызықтырды. Нууу жарнамадағы адам Огури Шюн болмағанда мүмкін мән бермес те едім деп қойайыншы:))) хаха. Мына жарнамада компаниядағы жаңадан кірген жасы кіші коллега адресін сұрайд? Шюн түсінбей, «оны нестейсің?» дегенде? «жаңа жылдық құттықтау жіберейін деп едім» дегенде сасып қалып, «ааа олай болса маған да бер адресіңді»- деп поштаға құттықтау қағазын сатып алуға барады.. Ну и құттықтау қағазын ең көп жіберген осы жыл- керемет болу керек деген лого сөзі ұнады. Все таки маған осылардың жарнамалары ұнайды сондай естественно, атақты актер емес кәдімгі бір офистегі қызметкер сияқты:). Read the rest of this entry »

пауза:) Эбизо Ишикава   2 comments

тағы бір жарнама, негізі жаңарақ версиясын ілгім келген еді, ютюбтен таба алмадым, мынау ескісі екен, бопты барымен қанағат вообщем..

Көк шайдың жарнамасы, жарнамадағы адам-кабуки актеры Эбизо Ишикава.

осы Эбизо-сан түсетін жарнама бірнеше түрі бар, ұнайд, енді жапондық стиль араласқан жарнамалар как никак Ишикава жапондық дәстүрлі өнердің жалғастырушысы ғой..

Бүгін ТV- да күні бойы осы Эбизо-сан туралы айтуда,тек ол туралы емес әрине, Кобаяши Мао деген тележүргізуші екеуі үйленейін деп жатыр екен, сүйтіп бүгінгі теледидарды шулатты. Кобаяши Мао NEWS ZERO деген жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі. Ал Эбизо 11 ұрпақтағы кабуки актеры, Жапонияда өте атақты деп айтса болады. Сол жаңа ютюбты қарасам тіпті екеуіне арнаған видео да жасап үлгеріпті:). Read the rest of this entry »

баяндамадан баяндамаға дейін   17 comments

қазір өзі сондай боп кетті жағдайым, осы апта екі баяндама, ну енді қатты үлкен емес, бір кітаптан бір тақырыпты алып, содан түйіндеме жасайсын. 20-30 беттен қысқартып басты жерлерін алып 2-3 бет шығарып жасау керек. Автор не айтқысы келді, келіскен болсаң неге? келіспеген болсаң неге? сен болсаң қандай жолдар ұсынар едің деген сияқты кете береді.

Өзі менде аптада сабақтарды сейсенбі, сәрсенбі сосын бейсенбі күндері күні ғана аламын. Апта басы мен соңында әдейі таңдамадым:))) Read the rest of this entry »

жапондықтардың таңғы асы   30 comments

Гаухардың сұрауы бойынша:)))

Әдеттегі жапондықтардың таңғы асы дегенде бірден ойға күріш, мисо, натто келеді.

Күрішті сол мисо сорпасымен ішеді.

мисо сорпасы неден жасалады?- dashi-сорпасы (комбу [теңіз өсімдігі] мен кацуобуши [tuna балығының ұнтағы]) негізі болып табылады, оған [соя немесе күріштің ферменттелген туындысы] мисо қосылады, ол мисо көбіне паста күйінде болады. Таак ал топпингке келсек, топпинг әртүрлі болады, әр мекенде әртүрлі болуы мүмкін, сосын әр жанұя өзінше жасауы мүмкін. Ну былай әдеттегі мисо сорпасында вакаме (теңіз өсімдігі), тофу (соя ірімшігі), шиитаке немесе басқа саңырауқұлақ,

сосын аппақ бірдеме қосылады, соның атын ұмытып қала берем:))) Read the rest of this entry »

Алғашқы махаббатымды саған бердім (Boku no hatsukoi wo kimini sasagu)   13 comments

Кеше достарыммен киноға бардым. Екі кәріс қыз бен жапон жігіт 4-міз.

Осы фильмдегі актриса Inoue Mao маған ұнайды, содан мелодрамаларды аса ұнатпасам да барайықшы барайықшы деп мен бастағам. Әйтеуір мангадан алынған әңгіме екенін ғана ұқтым.

Жалпы соңғы жылдары Жапониядағы бір тренд, манга болады, кейін содан аниме түсіреді, одан ол әйгілі болса одан дорама (сериал) шығады, егер ол да дамыған сериал болып кетсе кейін одан фильм жасайды.

Меніңше соңғы жылдары өте атақты болғаны Хана Иори Данго сериалы, бірінші тайвандықтар түсірді, одан кейін жапондар 2 сезонын жасады, кейін тіпті фильмін түсірді, енді сұмдық хит болды бүкіл Шығыс Азияға, биыл кәрістер де өз версиясын шығарды. Тааак басты әңгімеден ұзап кеттім:))

Cонмен алғашқы махаббатымды саған бердім:) Read the rest of this entry »