Archive for the ‘жапондық менталитет’ Tag

Maneki neko   Leave a comment

Мына бір жарнаманы жақсы көремін:).

Ана алдындағы постта жазып кеткен Миядзаки Аой түсетін жарнама. Сүйкімді жарнама, еріксіз күлімсірейтін жанр:).

Осы бір жарнаманың өзінен жапондық салт-дәстүрді, сенім-нанымды көруге болады:).

Сақтандыру компаниясының жарнамасындағы персонаждар Мияздаки Аой -дан басқа үйрек пен мысық:).

Aflac деген сақтандыру түрінің символы, brand mark- Maneki neko+duck, манеки мысықпен үйректің құрамасы:)

Мына суреттегісі брэндмарктың кристмас версиясы:)))

Сосын осы жарнамаға қатысты тағы бір қызық нәрсе осы жарнаманың мелодиясы Жапония бойынша рингтондарды даунлод жасау ранкингы бойынша 2009 жылы 9 орынды алып, тіпті Арашидің Believe-нен көп даунлод жасалған екен:)) Жарнаманың сөздері: мысықпенен үйрек бірігіп барлығына бақыт тілейді.. Read the rest of this entry »

менталитеттің айырмашылығы??   9 comments

Осы менің жатақханамда қытайлар көп, сосын кәрістер көп, сосын африкадан бар 5-6 адам, Суданнан, көбісі Кения ғой дейм. Сосын арасында мен бар филипиндік және Мьянмадан бар бір бірден майноритиміз:))

Біздің универден тағы бір жатақхана бар шетелдіктерге,  онда Еуропадан әсіресе Голландиядан көп сияқты байқауымша. Бізде енді 2-еу ақ голландтықтардан, біреусімен былай амандасып, жағдайымызды сұрасып тұрамыз, бірақ керемет араласамыз деп айтпас едім. Өзі медицина факультетінде 6 айлық практика сияқты курсқа келген,  3 ай болд жапон тілін оқып жүр, былай примитивті ойын жеткізе алады. Атын жарайт Кай дейікші:).

Біздегі қытайлар көбісі ағылшын жақсы біледі, и жапонша да жаман емес, ал кәрістердің ағылшыны онша емес. Өткенде ғой бір кәріс қыз, туу айтшы ана Кайға, түсінбей жатыр деп, голландық жігітті көрсетед, ия не болд десем, ағылшыным жетпей жатыр, жапонша айтсам ұқпайд деп:)). Read the rest of this entry »