Archive for the ‘жапондық жаңа жыл’ Tag

Жапонша жаңа жылдық құттықтау   12 comments

Жапондарда жаңа жылмен құттықтау дәстүрі керемет дамыған.

Жаңа жылдық құттықтау қағазын жіберу дәстүрі бар, жұмыстастар, туыстар, достарға жіберіледі. Бір жапон досым  «Бұрын әкем жұмыс істеген кезде 150-200 дей құттықтау жіберетінбіз, алатынбыз, ал қазір зейнетке шыққасын, ондай көп емес» дейді.

Бұл дәстүр негізі JP пошта компаниясына керемет пайдалы енді:))). Бірақ соңғы жылдары бұл дәстүр азайып барады. Жастар арасында ондай құттықтау жіберетіндер аз. Поштамен жіберу байлаыстың аналог түрі ғой енді:))). Онымен қоса қолмен жазу керек, ол да бір машақат:)).

Содан мені осы жапон поштасының жарнамасы қызықтырды. Нууу жарнамадағы адам Огури Шюн болмағанда мүмкін мән бермес те едім деп қойайыншы:))) хаха. Мына жарнамада компаниядағы жаңадан кірген жасы кіші коллега адресін сұрайд? Шюн түсінбей, «оны нестейсің?» дегенде? «жаңа жылдық құттықтау жіберейін деп едім» дегенде сасып қалып, «ааа олай болса маған да бер адресіңді»- деп поштаға құттықтау қағазын сатып алуға барады.. Ну и құттықтау қағазын ең көп жіберген осы жыл- керемет болу керек деген лого сөзі ұнады. Все таки маған осылардың жарнамалары ұнайды сондай естественно, атақты актер емес кәдімгі бір офистегі қызметкер сияқты:). Read the rest of this entry »