Archive for the ‘жапондық дәстүр’ Tag

Өлілерді шығарып салу   6 comments

Өткен апта Жапонияда бон мейрамы болды. Буддистік дәстүр бойынша жылына бір рет қайтыс болған адамдардың рухтары үйлеріне қайтады деген сенім бар. Осы кезеңде көп жапондар үйлеріне қайтады. Аталық молаларға барады. Вощым отбасының жиналатын кезеңі. Бірақ бұл мейрам Жапонияның аймағына қарай әртүрлі уақытта болады. Каленьдардың ерекшеліктеріне орай туындаған өзгешеліктер болуы керек, бірақ мысалға Токио, Йокохама, сосын солтүстік шығыс жақтарда шілденің ортасында болса, басқа Жапонияда тамыздың ортасында. Сосын осы мейрамда көбіне дәстүрлі билері де бар-Bon odori дейді. Кей аймақтардың бон одорисы атақы, сол одориді көру үшін туристтер жиналады. Бүкіл қала бойынша парад жасалады. Ал Нагасакидің бір ерекшелігі, бонның соңғы 15 күні әр отбасы бір кеме жасап сол үйдің рухын портқа шығарып салады. Бұл дәстүрді-精霊流し шёуроу нагаши дейді. Кей орталық көшелерде транспорттың жүрісін тоқтатады.

кемені сүйрете отырып петардалары атады. Қытайлық жаңа жылға жақындығы бар сияқты осы жерінде. Read the rest of this entry »

Advertisements

Жапониядағы ғашықтар күні   10 comments

Жапониядағы ғашықтар күні әлемде тойланатын дәстүрден бөлек. Себебі жалпы бұрын валентин күнін тойлау мерекесі болмаған Жапонияға енгізуді алғаш бастаған Моринага деген атақты компания, жүргізген кампаниясының арқасында Жапонияда ғашықтар мерекесі деген түсінік пайда болды. (Моринага компаниясы Жапониядағы тәтті тағамдар бойынша бірінші болмаса да анық 3-тікке кіретін үлкен компания) Алғаш 1960 жылы ғашықтар күнінде қыз жігітке шоколад сыйлау туралы жарнама жасағаны, кейінгі Жапониядағы ғашықтар күнін тойлау дәстүріне әсер етті. Батыстағы ғашықтар күнінен айырмашылығы Ғашықтар күнінде қыз өзі ұнатқан адамына шоколад сыйлау арқылы өз сезімін білдіреді.

Айтпақшы қазір Жапонияда берілетін шоколад екі түрге бөлінеді. Read the rest of this entry »