Archive for the ‘екиден’ Tag

Жаңа жылдағы марафон   7 comments

Жыл сайын Жапонияда 2-3 қаңтарда эстафета-марафон өтеді. Енді бар ғой супер-мупер популар. Тіпті сол кездегі теледидар қараушылардан 25% -30% қарайды екен. Мен бұл жарысқа былтырдан бастап қызығып қалдым. Бұрындары ааа марафон деген сезіммен арналарды әрі-бері айналдырып отырғанда жәй ғана көз салушы едім. Бір жаңалықтарда жеңілген топ туралы көрсеткен еді. Былтыр ғой жарыс біткесін бір бала жамаан жылап еді, сондағысы аяғы тартылып қалды ма бірдеме боп қалды да дұрыс жүгіре алмай, сол үшін тобы алғаш 3-тікке іліне алмай қалған еді, бұл жарыста бір өзің емес, бүкіл топқа байланысты, жеңсең бүкіл топтың жеңгені, онша жүгірмесең бүкіл топтың артта қалғаны, ол қай универдің әңгімесі екені есімде жоқ, бірақ әйтеуір осы марафон үшін бір жыл бойғы дайындықтарын баяндаған еді. Әрбір жеңістің, не жеңілгенненнің артында қаншама еңбек, тер төккен адамдардың тұрғандығын көрсеткен, сол бағдарламадан кейін осы жарысқа қызығушылығым артты.

Негізі бұл марафон аты Хаконэ екиден. Бұл марафонға алдын- ала таңдаудан өткен 20 университеттің студенттері қатысады, тек ер балалар арасындағы жарыс. Бүкіл қашықтық 216 км, оны екі күнге бөлген, Токиодан Хаконэге, сосын қайтадан Токиоға қайтады, барлық жолды 10 этапқа бөліп, әрқайсына бір студент жүгіреді. Сонда барлығы 20 топтан 10 студенттен 200 бала қатысады.

Бұл жарыстың тарихы да терең, осымен 87 рет өтіп жатыр. Ең алғаш рет 1915ж өткізіліп, тек соғыс кезінде болмаған екен. Негізі екиден деген Read the rest of this entry »