Archive for the ‘дизель шалғы’ Tag

Жылдық есеп   15 comments

Жаңа жылдарыңызбен халайық!

Жаңа жыл жақсылықтар әкелсін..

Балдырғанның айтуымен мен де өзімше бір жылдың қорытындысын жасағым кеп отыр.  Мендегі өткен жыл бүкіл эмоцияларым, жоспарларым Жапониямен байланысты болды ғой. Тіпті жылдың басында, егер Жапонияға бармайтын болсам қалай болад, басқадай жоспар құрмадым деп депрессия болған едім..

Жылдың цитатасы: Бізден әрекет, Алладан қайыры-все что не делается к лучшему
Жылдың үздік сайты:http://www.youtube.com және http://www.facebook.com
Жылдың үздік блогы:
1.
балдырған

2. аспаздық
3. Ақзеренің блогы

Жылдың ең үздік танысуы: Фэйсбуктан танысқанбыз, кейін Токиода кездестік бір жапондық әйел, сондай керемет адам өзі де күйеуі де, үлкен қыздары менімен қатарлас екен, ҚЗда орыс және қазақ тілін оқығысы кеп жүр, қазір сол универ немесе курстар іздеуде, рекомендацияларын болса айтыңдаршы, қандай болса да..
Жылдың үздік тағамы:Монжио яки деген бір тағам, бірақ мәселе сол тағамның дәмінде емес, дастархандас болған адамдардың компаниясынан дәмді болды менше Read the rest of this entry »

тағы бір бизи күн..   10 comments

Кеше профессорым ”——-” барып көресің бе дегесін жарайд дегем. Содан соңғы сабаққа барған жоқпын, бір қума сабақ бар, 40 пайызын түсінсем түсіндім, әйтпесе онысын да ұқпайтын бір жынды сабақ :))). Мастерге түсетін болсам точно алмайм сол сабақты:))

Сүйтіп сабақтарым біткесін ызғытып великпен келе жатсам ана жынды сабақтан беретін мүғалімім алдымнан шықты, ол кісі де великпен (жалпы біздің факультеттің мұғалімдерінің көбісінің велик мінгендерін көремін, как никак экология факультеті болғандықтан шығар хаха:)) содан тоқтап сабаққа бара алмайтынымды айттым..

Содан семинар румға қарай келсем біздің семинардың балалары мені сыртта күтіп жүр екен, заттарымды тастап семинар румға, машинаға отырдым. Қайда бара жатыр десеңіздер? Read the rest of this entry »