Archive for the ‘денсаулық’ Tag

N1H1?   6 comments

Қалайсыздар?

Шыны керек қазір қасыңда біреу түшкірсе сау бол деп айтудан қалдым. Жан-жағымда маска киген адамдар қазір, біреу ауырып тақса, бірі сақтанып тағып жүр..

Өзім осында келгенде бір жұмадан кейін ауырдым. Жаман қорықтым, Жапония ол бір, екінші келген жолым Еуррпа арқылы, Франкфуртта жұқтырып алдым ба деп, адам ойынa не болса сондай ойлар келеді екен, бөлмеден шықпауға тырысып, ешкіммен араласпай, егер шынында ауырған болсам, менен біреуге жұқты демесін деп…

Бұл аурудың ерекшелігі көбіне жас балалар мен жастарға тиеді, Read the rest of this entry »

жапондықтардың таңғы асы   30 comments

Гаухардың сұрауы бойынша:)))

Әдеттегі жапондықтардың таңғы асы дегенде бірден ойға күріш, мисо, натто келеді.

Күрішті сол мисо сорпасымен ішеді.

мисо сорпасы неден жасалады?- dashi-сорпасы (комбу [теңіз өсімдігі] мен кацуобуши [tuna балығының ұнтағы]) негізі болып табылады, оған [соя немесе күріштің ферменттелген туындысы] мисо қосылады, ол мисо көбіне паста күйінде болады. Таак ал топпингке келсек, топпинг әртүрлі болады, әр мекенде әртүрлі болуы мүмкін, сосын әр жанұя өзінше жасауы мүмкін. Ну былай әдеттегі мисо сорпасында вакаме (теңіз өсімдігі), тофу (соя ірімшігі), шиитаке немесе басқа саңырауқұлақ,

сосын аппақ бірдеме қосылады, соның атын ұмытып қала берем:))) Read the rest of this entry »