Archive for the ‘вулкан’ Tag

Ауа-райы   2 comments

уууф тегі мына ауа-райы шаршататын болды. Сәуірдің аяғы болса да әлі плащ, пальто киіп жүрміз Жапонияда, ҚЗда солтүстікте  көктем енді шығып жатыр деп естимін. Бұрындары мынадай кезде уже 20 градустан жоғары болу керек еді. Әлі болмай тұр. Онымен қоса солтүстіктен циклон келеді. Кеше вааще қызық болды, бізде (яғни батыс Жапония) жаңбыр болды, Токио жақта (шығыс Жап) жаз боп кетті 25градустан асып кетіп еді, солтүстік Жапонияда қар жауды!!!. Бүгін бізде әлі жаңбыр, ал кеше жаз болған Токио бүгін 15 градустан артық түсіп кетті, 8 градус дейді. Надоело шыны керек, біресе суық, біресе ыстық болып не поймешь, не киеріңді білмейсің..

Климаттың өзгеруі қатты сезіле бастаған сияқты. Онымен қоса ана Исландиядағы Angry sisters вулкандары атқылау уақыты созыла берсе, биыл мүлдем жаз болмауы да мүмкін. Ал бұл жеміс-жидектердің өсіміне әсер ететіні анық..