Archive for the ‘велик’ Tag

Кагошима қаласы   4 comments

Сол баяғы суреттер сериясынан..

Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады.

Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала.

Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай қойдым хаха. Хотя осы жолы Кюшюге емес, Иокохамаға жаққа барғым келген еді, бұйырғаны осы Нагасаки болды:).

Қазір уже Нагасакиге үйреніп те кеттім, бірақ ең үлкен махаббатым бәрібір Фукуока:)))). Қайткенмен де мегаполис қала, іздегеніңді табу оңай дегендей. Әлемнің тұруға лайықты қалаларының үздік 20-на да кіретін қала ғой. Алғаш Жапонияға келгенде тұрған қала болғасын да Фукуока маған ерекше шығар кім білсін..

Ал Кагошимада теңізге жақын тұрғанбыз, біраз жаяу жүргенде теңіз жағасына жетіп, Сакураджиманы көруге болатын. Бұл тірі жанартау. Үстінен әрқашан түтін шығып тұрады аз-аздап, сосын арасында атқылап халықты шошытатыны бар:). Read the rest of this entry »

түнгі универ және қоқыс туралы пост??:))   18 comments

Бүгін менде сабақ жоқ, содан түске дейін ұйқтадым, одан бөлмемді жинадым.Осы апта ерте кетем, кеш келем, бөлмеге мүлдем қарамағам. Жалғыз тұрған бір жақсы жері сол, қанша шашсаң да өзің білесің:)))) хаха.. Мусор деген ол жиналып алған, соны апарып төккенге таңертең әрбір минут санаулы, ал түнде ерінесің, сонымен пакет толған болатын. Рисайкл болатын (қайта өңдейтін) пластик бөтелкелерді ас үйдегі ортақ қоқысқа сала салдым себебі, рисайклдың арнайы жасыл белгілі пакетін алмаған едім, тек жанатын мусор менен жанбайтын мусорды ғана жинап жүрмін бөлмеде. Жанбайтын мусорға сол полиэтилен пакеттер сосын әртүрлі пластиктер жатады, осы жапондарда не көп қап көп, мысалға бір шоколад 3 қапқа оралады, бірі қағаз, бірі полиэтилен сосын пластик қап болады көбіне, содан мусор жиналмағанда қайтед.. Йоргурт, бетіндегі қақпағында пла- яғни пластик деген жазу тұрад яғни жанбайтын мусор, ал қабы қағаз деп тұрады, демек қабын жанатын мусорға тастау керек.

Жанатын мусор қызыл түсті жазуы бар пакетке, көк түсті жазуы бар пакетке жанбайтын қоқыстарды салу керек. Read the rest of this entry »

қалай жағдай?   13 comments

мен шүкір

Бәрі жақсы. Кешегі жаңбыр саябырсығанын күткенім қызық болды. Қайта бітті, босқа трамваймен қайтып жүргенше..

Бүгін бірден универге келместен барып жаңбырға киетін нәрсе алдым, шамамен мынадай, ну бірақ менікі ұзындау тізеден келеді, онымен қоса әрине мобайл салатын қалтасы бар!, как же жапондар ғой:)))

Әйтпесе мен ана алдыңғы постқа ілген суреттегідей бір қолда зонтпен велик айдай алмаймын, қорқамын.

Айтпақшы менде жаңа көрші пайда болды, Read the rest of this entry »