Archive for the ‘Ванкувер’ Tag

Жарайсың Елена   4 comments

Жарайсың Елена!!!
Қазақстанға күміс медаль әкелген Елена жарайсың!
ұйқтамай осы биатлонды күткенім мұндай жақсы болар ма!!
Елена басына қарай 7 номермен бастап ешбір қателіксіз, мүлт кетпей сырғанап шықты.  Алтынды алған Тора Бергер бір рет мүлт кетсе де алтын алды. Елена артынан жүріп отырды, бір шетінен номері бас жағында болғаны жақсы болған сияқты, себебі аяғындағы Украиналық Валя Семиренко ең аяғында нервысы шыдамай соңғы оғы далаға кетті. Read the rest of this entry »

Олимпиададан   3 comments

Мұздан мәнерлеп сырғанауды бүгін қараймын деп ұмытып кетіппін.Содан жаңалықтардан қарадым Плющенко әрине супер мупер сырғанап шыққан екен. Өзіндік атмосферасы бар спортшы ғой.

Жапондар өліп жанкүйер боп жатқан Такахаши Дайсуке 3 орында, по идее алғашқы үшеудің арасындағы айырмашылық аз ғана, сондықтан жапондардан бірі қандай да болсын бір медаль алса супер болар еді, себебі ерлерден бұрын соңды ешкім медаль алып көрмеген екен. Мен өзім алғашқы күнде 4 орында тұрған Ода Нобунаридың жанкүйерімін, толық программадағы биі күЧт. Чарли Чаплин сияқты комикалық биі қатты ұнайды. Ертең осы Ода Нобунаридің жанкүйер боламын:)

сосын Қазақстандық балалар да бар екен, әлі жастары кішкене Денис Тен және Абзал Рақымғалиевке бұл олимпиада тәжірбие болатын болды.

қысқа бағдарламадан кейін ертесінде емес арасына бір күн салып болуы фигуристтердің нервысын сынайтындай болды.  Арасы тым ұзақ созылып кетуі адам не болса соны ойлап, ой жеп тастауы мүмкін менше.. Тым волноватся еткенненбілетін, жасай алатын нәрсесін жасай алмай қалуы мүмкін , не болса да жақсы перфоманс көрсетсе екен Ода Нобунари. Айтпақы бұл фигурист орта ғасырлық Жапонияның тарихында өшпес із қалдырған адам-Ода Нобунаганың ұрпағы екен. Бүгін ғана білдім өзім:))

Осы жапондарда маған ұнайтыны спортшылардың өмірін көрсетеді. Мысалға қандай мектепте оқыды, алғаш мұз айдынына шыққан кездегі видеосы дегендей. Мысалға осы Ода Нобунари мен Такахаши Дайсукенің мектеп кездерін көрсетті. Кіп кішкене бала кезіндегі сырғанаулары. Бір жарнамадағыдай «бір кезде менің арманым деп ойлағаным көп адамның арманына айналды» дегендей. Кішкене балалардың спортқа тартылу үшін, спортшылардың өмірінен эпизодтар көрсетілуі маңызды деп ойлаймын. Read the rest of this entry »

Қоршаған ортаға қамқор медальдар   Leave a comment

Кеше Ванкувердегі қыстық олимпиада да басталып кетті. Тіпті алты комплект медальды сайысқа салып та үлгерді. Бұл қыстық ойындар экологияға ең қамқор олимпиададан болмақ. Ванкувер әкімшілігі мен т ұрғындары CO2  көлемін азайтуға әртүрлі шараларды қолданып келді. экологияға зиянсыз гибридты қозғалтқышты машиналар қолдану тб.

Тағы бір ерекшелігі осы олимпиададағы сайысқа тартылатын медальдар қайта өңдеуден өткен металдардан жасалған. Бұрынғы компьютер мен TV дың платаларындағы асыл металдар қолданылды.

Медальдардың дизайны да ерекше, теңіз толқын түрінде және үстіндегі өрнектері Канаданың жергілікті тайпаларының дәстүрлі оюлары  салынды, онымен қоса әр медальдағы өрнектер қайталанбайды, яғнижеңіп алған әр спортшы тек өзінде ғана бар медаль деп қабылдаса болады. Read the rest of this entry »

Асада Мао, мәнерлеп сырғанау, Юзу тобы   8 comments

«Ең алғаш мәнерлеп сырғанаумен апайыммен мұз айдынына барғанда таныстым.

Мен бар күшімді сап тырыстым,  адамдарды қуанттым, бұл  мен үшін бақыт болды.

Көп адамдардың жанкүйер болуы, қолдау көрсетуі менің осылайша жетістіктерге жетуіме көмектеседі.» -жарнамадағы сөздер. Негізі сақтандыру компаниясының жарнамасы..

Асада Мао бүкіл жапондық героиня деп айтса болады. Read the rest of this entry »